Қыран бүркіт- киелі, қастерлі құс. Қыран құсты қазақ «көк тәңірісі », «аспан перісі», «қанаттылар ханы » деп құрмет тұтқан. Дәл осындай текті құстың болмысы Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдиновте бар еді. «Ұшқыш болсам » деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі, ол жерде «У-2 » деген ұшақпен ұшуды үйренеді. 1940 жылы Саратов әскери авиация мектебіне оқуға жіберіледі. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штормовигімен ұшуды үйреніп шығады. Әскери оқуды тамамдаған күннен бастап «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Ильюша» ұшағына «бауыр басып кетеді.» 1942 жылы майданға аттанады. Өзі бір көргеннен ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы- Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал » деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленіп, көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман- есен оралады. Талғат Бигелдинов соғыстан соң азаматтық авиацияны басқарды. Мәскеу инженерлік құрылыс институтын бітіріп, құрылыс саласында да қызмет атқарды.
Тапсырма.
• Мәтіндегі негізгі ойды бір сөйлеммен айтыңыз.
• Мәтіннен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
• Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыз.
интернет деген не және ол не үшін қажет? бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (international network). интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады. интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.
Объяснение:
Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады.
Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады.
Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратының төрінде тұр.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/news/view/kultegin_zhiri_erkin_adebi_nuska__1488
Объяснение
не это ?