В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lermolen
lermolen
10.05.2020 03:23 •  Қазақ тiлi

Ырыс алды-Ынтымақ эссе​

Показать ответ
Ответ:
masha91672
masha91672
11.10.2020 06:02

Объяснение:

Ырыс дегеніміз не? Ынтымақ деген не мағына? Ырыс сөзін – береке, ынтымақ сөзін – бірлік мағынасымен синонимдес етіп қарастыруға болады. Ырыс-ынтымақ, береке-бірлік ұғымдары тете қолданылатын егіз тіркестер.

«Бірлігі жарасқан ел», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Береке басы – бірлікте» деген қанатты сөздерді жиі қолданамыз. Бізге бірлік не үшін керек? Бірліктің белгісін қайдан көреміз?

Берекені бетке ұстаған басы бір ел болу үшін мемлекетке татулық қажет. Мемлекет отбасыдан құралады. Әр отбасы өз ішінде ынтымағы жарасқан татулық сақтаса, еліміз де байы кедейіне қарасқан дамыған мемлекетке айналары хақ.

«Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, барлық жетістіктерінің негізі» деп еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, елді көркейтуге үлес қосамын, мемлекетті жетістікке жеткіземін деген әрбір жан өзінен бастап, қисынды қоғамды құруға қатысады.

Ертең жеке шаңырақ, бөлек отау болғанда араласатын адамдарымыз – қазір бір кеседен су ішіп жүрген бауырларымыз. Солар үшін жан беруге де әзірміз. Әрқайсысымыз өз сыңарымызды тапқанда, оларды естен шығармай, қарайласып тұру үшін қазірден бастап өзімізді жанашырлыққа, бауырмалдыққа баулуымыз керек.

Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ. Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.

Әр адам өз отбасындағы береке-бірлікті басшылыққа алса, мемлекет те ризықты, табысты болады. Мемлекетіміздің мықшегедей мықты, кемірілмес күшті болуы – жастардың қолында. Қазақстан жастары «Ырыс алды – ынтымақ» сөзін әрдайым жадында жаттап, Мағжан артқан сенімді ақтайды!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота