Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – орыс халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді. Бұл орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» десе, келесі бір сөзінде «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды» – деп атап өткен еді. Сол ерекшелігін сақтай отырып, бізбен біте қайнаса тіршілік етіп жатқан орыс халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тоқтала өтсек. Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы. Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда.Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді. Алғашқы болып астан жас босанған ана дәм татады. Егер ас келген қонақтардан артылып жатса, үй иесі қалған ботқаны малдарына, одан қалса бақшаларына шашады. Сол сияқты сәбиді аспалы немесе ағаш бесікке салып оны үш рет темір пышақпен аластайды. Егер ер бала болса, пышақ, ал қыз бала болса жастығының астына қайшы қояды. Бұл дәстүрді баланы бәле-жаладан, тіл-көзден аман болсын деп жасайды.Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, егер жас келін босағаны адал аттаса, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді.
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы,Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар; қ. Биосфералық қорық.[1]