Үзіндідегі көркемдік құндылықтар символ, анафора мен эпифорань табыңыз.
«Өлкенің көркі тал болар,
Өзеннің көркі жар болар,
Жігіттің көркі мал болар,
Малың болса, қарағым,
Қара басың хан болар.
Алуа асап, іштің бал,
Жая шайнап, жедің жал,
Кетер болсаң, қарағым,
Жылкыдан тандап қырық жорға,
Өзіңменен айдап ал.
Сансызбай болса, жас еді,
Сен кеткен соң қарағым,
Сүйеніп кімге күн елтер -
Артында қалған кемпір, шал?»
Символ, Анафора, Эпифора
Табиғат аясында.
Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Айдана достарымен келісіп күн батқанға дейін табиғат аясында демалып қайтқалы жатыр. Қыздар жағы үйден керек ыдыс-аяқтар, небір дәмді әрі жеңіл тағамдарды дайындап алып келеміз деді. Ал ұлдар жағы болса шатыр құруды, от жағуды өз мойындарына алды. Ертесіне достар бірігіп Айдананың үйінің алдына жиналып, сол жерден ауылға жақын жердегі тоғайға жол тартты. Ол жер көлеңке және жақын маңда өзен де бар. Ыңғайлы орын таңдап алып, қыздар алаша жайып тамақ дайындауға кірісті, ұлдар көлеңке болатын шатыр құрды. Тамақтанып алған соң барлығы өзенге келді. Бір тобы суға түспейміз деп жағада қалып әңгіме-дүкен құрып, енді бірі суға сүңгіп мәре-сәре боп жүр. Күн батуға таянғанда достар жинала бастады. Жаққан оттарын сөндіріп, одан соң орнын көмді. Қоқыстарын да тастамай, жинап алып кетті. Айдана және оның достары осылайша бастары қосылса таза ауада, табиғат аясында жүргенді ұнатады. Үйде қамалмай, туған жердің табиғатына тамсанып, рақаттанғанға не жетсін!