Үзіндідегі кейіпкерлерге ауызша мінездеме беріңіз. Неліктен дәл осындай сипаттау бергеніңізді мәтін үзіндісіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерімен байланыстырып айтыңыз.
Кейіпкерлер:
Осипов
Кибер
Оразов
Мәриям
Темірболатова
Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны. Кеме экипажының бұл планетаның үстіне шығу-шықпау жөніндегі айтыс-таласы, пікір алысуы бір тәуліктен бері толассыз.
Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп жабырқатқандай. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым?
Бұл жерде экипаждың барлық мүшесі бірдей жабырқаулы деуіміз артықтау да болар. Өйткені, кемеде бесінші мүше де бар болатын. Ол кеудесін шамасынша көріп көңілді тұр. Екі көзі жасыл от шашып жарқ-жұрқ етеді. Бұл жасанды адам физиомеханикалық «Кибер» еді.
Кибер маймаңдап басып тақап келді
— Қастерлім,— деді ол биологтың иығына қолын салып. (Оның әрқашан осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен болмағанда бағанағы космос айдаһарының аузына түсіп, тәтті тағамға айналған болар едіңіздер. Мен білмейтін өнер сіздерде мол. Бірақ осы бір қызықты жұмбаққа миларыңыз қалайша жетпей тұр? Оның үні электронды музыкадағыдай әсем де нәзік естілді. Бұл кибер түп табиғатында әзілқой боп жаратылған-ды. Оның кез келген нәрсені әділге айландыратынын космонавтарда жақсы біледі.
Менің әкем өте қайырымды адам. Ол адамдарға қиын уақытта көмектеседі. Маған көмек керек болған кезде, ол маған көмектеседі. Кейбір қиындықтарыммен оған келемін, өйткені мен ойлаймын әкемнен басқа ешкім менің қиындықтарымды шеше алдмайды деп. Ол мені дұрыс емес әрекеттерден сақ бол деп айтады.
Әкем батыр және қайратты. Ол еңбексүйгіш. Бос уақытында бізбен өткізгенді ұнатады. Мен өз әкемді қатты жақсы көремін.
Қазақстан Республикасы жайлы сұрақтар:
1. Қазақстанның жер аумағы қандай және әлем бойынша нешінші орында?
Қазақстанның жер аумағы 2 724 902 км², әлем бойынша 9 орында.
2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытаймен шекаралас.
4. Қазақстан Республикасының астанасы?
Астана қаласы.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
6. Экономиканың негізгі бағыты қандай?
Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік).
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге.
8. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады.
9. Қазақстанның ірі қалалары?
Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент.
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қандай?
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды.