В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ьрнрг
Ьрнрг
22.04.2023 15:33 •  Қазақ тiлi

Заманауи бес асыл іс тақырыбына 100-120 сөз көлемінде эссе жаз​

Показать ответ
Ответ:
dhjejdj
dhjejdj
12.02.2020 11:05

Әдебиет әлемінің есігін ашқан сайын есіме алғаш оқыған кітабымның кейіпкері түсе кетеді. Әр кітаптың бетін ашқанда сол кейіпкерге ұқсайтын кім бар екен деп іздейтінім өзіме ғана аян. Негізінде кітапты шынымен көп оқитындардың алдыңғы қатарында едім.Ауылдық кітапхана мен мектеп кітапханасының иелері кітаптарын алып кету үшін үйге арнайы келетін.Себебі мен оқыған кітаптарымдағы әңгімелерді өзім қатарлас құрбыларға айтып беріп, қызықтырып қоятынмын. Сосын олар әрине мендегі кітапты оқуға өзара кезекке тұрып, менің үйімде азар болса 5 күн аялдаған кітап бүкіл ауылдағы қатарластарымның үйлеріне қарай жол тартатын.Осылайша өзінің кітапханадағы орнына тек кітапханашының талап етуімен ғана қайтатын. Кейінірек мен қайта-қайта ұрыс естіп, кітапханадан кітап алу қиындық тудыра бастаған кезде уәде беріп кететін болдым. Сосын ол уәдемде тұрмасқа болмады. Менен соң ол кітап бірден қолдан-қолға заңды түрде, тіркеумен өтетін болды. Бұл сонау ауылы алыс қалған балалық шағымдағы қызықтардың бірі еді. Осындай алаңсыз күндердің бірінде, есімде жоқ, 13 жастамын ба білмеймін, үйдегі менен үлкендердің оқып жүрген «Тағдыр тауқыметі» деген кітабы қолыма ойда жоқта түсіп қалды. Авторы есімде жоқ.Бірақ үлкендерге арналған кітапты қолыма алсам да жүрексінуді білмейтін мен басқа өмірдің тұтқасын қолыма ұстап, есігін ашқанымды сезбей қалдым.Оқиғаның басында жас қыздың балалық шағының бақытты болғаны, мектептен кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, арманының орындалғанын оқып отырып, қатты қуанып отырған едім. Оқып жүрген бас кейіпкер Ардақтың өзімен қатарлас жас жігітке көңілі болғанын оқып, өзімнен-өзім ұялғаным да есімде. Оқиғадан оқиға шығып, шиеленіскен сәтінде Ардақты сырттай ұнатып жүрген сүйкімсіз бір кейіпкер арын таптамақшы болады. Өзінің жауына айналған сұмнан аман құтылу үшін Ардақ жатақхананың терезесінен секіріп кетті дегенді оқығанда отырған жерімнен атып тұрып «Жқ!» деп айғайлағанымды көріп атам жарықтық ұрсып еді. Отыра қап Ардақтың аман қалуын тілеген мен уақыттың уысынан шығып арықарай қанша уақыт отырғанымды білмеймін, бірақ сол Ардақ қыздың ауруханадан бірақ шығып, мүгедек боп қалғанын оқып, жылап отырғанда әпкем келіп кітабын қолымнан тартып алған. Жүрегім ауырып, 2 күнгі мазасыздықтан соң оқуға тыйым салынған, шкафтың үстіне жасырылған кітапты тауып алып, тығылып оқыдым. Ардақ сол күйі мүгедек боп қалыпты.Әйтсе де тағдыр тауқыметін тартқан бойжеткен арын сақтап қалғанынан болар, көп арман тілектеріне жетіп, енді бақытты болып келе жатқанда тағы да үйдегі үлкендерден қатаң сөгіс алып, кітаптан айырылып қалдым. Сол күйі ол кітаптың бетін ашуды маған жазбапты.Қанша уақыт, жылдар жылжып өтсе де қаршадай қыздың тағдыр тауқыметін тартса да мойымағаны, қиындыққа қарсы тұрып, кедергілерден жол таба білуі маған салып берген ар соқпағы, айтар ақылы мен құрбылық назы сияқты болып көрінген еді. Көп жылдар бойы Ардақтың өмірі қалай жалғасты екен деп ойлаймын. Әртүрлі қиялмен кітаптың кейіпкерін бақытты болғанымен аяқтаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Violetta711
Violetta711
10.01.2023 18:17

Объяснение:

Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа  деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота