В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
pomarinka1111
pomarinka1111
25.10.2021 23:15 •  Қазақ тiлi

Здерің тұратын аймақтағы өзен,көл немесе теңіздің сол өңірге тигізетін пайдасы туралы эссе керек 50-60сөз

Показать ответ
Ответ:
enni00
enni00
11.10.2020 01:38

Балқаш көлінің маңызы.

Мен Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұрамын. ТМД аумағында Балқашты білмейтін адам жоқ шығар. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Елбасымыз бекіткен «Қазақстан 2030» стратегиясының басты бағыттарының бірі – еліміздің су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып  табылады. Осы ретте жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жататын Балқаш көлінің маңызы аса зор.

Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.

Балқаш көлінде балық аулау шаруашылығы мен кеме қатынасы жақсы дамыған. Сонымен қатар көл суы өнеркәсіпте және егістік суаруға кеңінен қолданылады.

Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.

Дегенмен Балқаштың бүгінгі жағдайы жұртты алаңдатады, себебі көл қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған. Түрлі металл қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота