В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
synnjhcx
synnjhcx
09.08.2020 16:23 •  Қазақ тiлi

Ж тапсырма. Мәтін бойынша кестені басшылыққа ала отырып. кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз. Мінездеменің тілдік құралын талдаңыз.

Кейіпкерге өз пікіріңізді жазыңыз
Кейіпкердің жасы, сыртқы келбеті
Кейіпкердің мінезі, қылығы, ішкі жан-дүниесі
Кейіпкердіңіс-әрекеті
Айша бибі

Показать ответ
Ответ:
tbabkova084
tbabkova084
22.03.2021 11:28

Шығарма

Мұхтар Әуезов - қоғам қайраткері.

                                                              Мұхтар Әуезов - шақар шабытты  

                                                                      және бақытты жазушы.

                                                                                    Николай Тихонов.

  Жалпақ жұртқа ұлы Абайды,кең байтақ қазақ жері мен құшағы ашық қазақ халқын танытқан "Абай жолы"  болса,бұл роман-эпопеяны жарыққа шығарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды.Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат,үлкен дарын,шалқар шабыт,терең сезім иесі,гуманист жазушы.Жазушының проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің басты қазынасы.

  Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүние есігін ашқан бала Мұхтар алғашында арабша хат танып,өмірін ілім мен білімге,қазақ елінің бұлыңғыр болашағына арнаған еді.Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді.Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

  Кезінде «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға атсалысады.Бұл жолда ол көрнекті Жүсіпбек Аймауытовпен тоғысқан еді.20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.

  Оның жан жақтылығы соншалық,халық оны қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы,профессор,Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері,ең бастысы ел адамы ретінде таныды.Мамыражай уақытта дүниеге келмесе де Мұхтар Әуезов еш қажымады.Қазақ әдебиеті асыл қорына мол мұрасын қалдырып қана қоймай,елдің мұң-зарымен етене жақын болды.Сондықтан да ол қазақ елі тарихында есімі ешқашан да өшпейтін,мұралары өлмейтін дара тұлғалардың бірі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vikbyk
vikbyk
22.03.2021 11:28

Қазағын сүйген Мұхтар.

Қазақ ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық мәселелері туралы біршама іргелі еңбектердің авторы, Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, драмашы, публицист, аудармашы, әдебиет сыншысы, педагог, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылдың 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Ұлы тұлғаны қай қырынан зерттесек те, қай салада болмасын дарындылығы мен ерекше қабілетінің арқасында өшпес із қалдырған.

Әрине Мұхтар Әуезовтың есімін естігенде алдымен барлығымыздың ойымызға «Абай жолы» роман – эпопеясы келетіні сөзсіз. Себебі бұл роман - жазушының әдебиет жолындағы жарық жұлдызы, шоқтығы биік туындыларның бірі. Бұл туынды ұлттық танымы мен болмысын тамаша суреттеген. Бұл романды жазбас бұрын Мұхтар Омарханұлы он бес жыл бойы Абайдың өмірі мен шығармашылығын бар қырынан зерттеген екен. Аталмыш туынды тек қазақ халқының мақтанышы болып қана қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік әдебиеттің классикалық шығармалары қатарына енген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота