Жаһандану-бұл біз үшін өте қауіпті әрі қорқынышты құбылыс.Өз ойым түсінікті болу үшін бір ұқсас мысал келтіре кетейін.Кешегі Кеңес үкіметі құрылғанда коллективизация деген саясат болды,соның кесірінен қаншама құндылықтарымыздан айрылдық,ал жаһандану соның өте-мөте үлкейтілген,дамытылған,обыр кескіні десем болар.Ол біздің мәдениетімізге де,әдебиетімізге де,салт-дәстүрімізге де,тіпті санамызға да мүлдем басқаша сипатта өзгерістер әкелу қауіпі бар.Жаһанданудың ең қорқыныштысы сол,біз одан тыс қала алмаймыз.Бірақ өзімізді сақтау мүмкіндігіміз бар,ол өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға,салт-дәстүрлерімізге,тарихи мұрағаттарымызға,өзіміздің қазақи менталитетімізге барынша мұқият болу,иелік ету. Бұның бәрі жастардың қолындағы шаруа,жасы келген адамдарды ешқандай жаһандану ала алмайды.