В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Алина13445
Алина13445
16.07.2020 04:18 •  Қазақ тiлi

Жаңқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты.Аждаhа қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты... ...Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті...
...Түн. жұлдыздар жымыңдайды Қызықұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Əйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз ғаламның тылысымын кім түсінер дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында əскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Əдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұнғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сəл иіп сəлем берді:
- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының алыстығы білінбейді. Айдаландағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тəрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен. "Мынандай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой" деп ойлап отырды...

1-тапсырмада берілген үзіндіні ары қарай жалғастырыңыз. Ертегіні өз нұсқаңызда аяқтаңыз (автор жазған түпнұсқа есептелмейді). Теңеу мен метафораны пайдаланыңыз (Теңеу мен метафораның астын сызып ерекшелеп кетіңіз). 100-150 сөз.

Показать ответ
Ответ:
ЛадаПодмаркова
ЛадаПодмаркова
14.07.2021 16:18
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен  мемлекетіміздің  гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді.  Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.
0,0(0 оценок)
Ответ:
катерина424
катерина424
06.04.2020 23:07
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота