Әрине, бұрынғы ән-жырлардан хабарымыз да жоқ. Дегенмен қазақтың ұлттық салт-дәстүрі барынша жаңғыратын, барынша көрініс табатын күн Наурыз деп біліп, бұл күні ақты мол қылып, дастарқанды толтырып, Наурызға арналып шығарылған жаңа әндерді шырқаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде шырқалатын ән ретінде, ең әуелі, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Талғат Сарыбаевтың «Наурыз-думан» әнін танимыз. Одан кейін де қаншама әуезді әндер туып жатыр. Құдайға шүкір. Ал өнертанушы Ерлан Төлеутай Нұх пайғамбар заманымен байланысты Наурызда қазақтар өлең-жырдан кенде болмай, тұрмыс-салт жырларын шырқағандығын айтады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Жаз жайлау
Бақыткерей Ысқақ
Жаз жайлау неткен кең еді. Жұпарын желмен төгеді. Балдырған тілді бұлақтар Құлдилап шауып келеді. Ұшқан құсқа сорғалап, Жаяды төсін шартарап. Құлын, тай тұрмас орнында Бір-бірін қуып, жорғалап. Жұмыртқадай ақ үйлер, Төгіліп тұрған ән күйлер. Жұп - жұмсақ алақанымен Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.
Әрине, бұрынғы ән-жырлардан хабарымыз да жоқ. Дегенмен қазақтың ұлттық салт-дәстүрі барынша жаңғыратын, барынша көрініс табатын күн Наурыз деп біліп, бұл күні ақты мол қылып, дастарқанды толтырып, Наурызға арналып шығарылған жаңа әндерді шырқаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде шырқалатын ән ретінде, ең әуелі, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Талғат Сарыбаевтың «Наурыз-думан» әнін танимыз. Одан кейін де қаншама әуезді әндер туып жатыр. Құдайға шүкір. Ал өнертанушы Ерлан Төлеутай Нұх пайғамбар заманымен байланысты Наурызда қазақтар өлең-жырдан кенде болмай, тұрмыс-салт жырларын шырқағандығын айтады.
Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Жаз жайлау
Бақыткерей Ысқақ
Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Ұшқан құсқа сорғалап,
Жаяды төсін шартарап.
Құлын, тай тұрмас орнында
Бір-бірін қуып, жорғалап.
Жұмыртқадай ақ үйлер,
Төгіліп тұрған ән күйлер.
Жұп - жұмсақ алақанымен
Жаз жайлау, бәрін-әлдилер.