В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ALEXSEENKOALEX
ALEXSEENKOALEX
05.04.2023 14:42 •  Қазақ тiлi

Жақсы болу парызым тақырыбына ессе жазу керек көмектесіңдерші

Показать ответ
Ответ:
DendiYT
DendiYT
09.10.2020 06:57

Жақсы болу - парызым.

Ата – ана - бізге жарық дүние сыйлаған, бізді бағып – қағып өсірген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосып, ешкімнен кем қылмай, бойымызға ізгі тәлім – тәрбие дарытқан асыл жандар. Осы өмірдегі ең жақын адамдарымыздан біз бойымызға бар жақсылықты сіңіреміз.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата –ананы ерекше құрметтеп, қадірлейді. Ата – ананың айтқан ақылына құлақ асып, сыйлау – әрбір баланың парызы деп есептеймін. Ата – анамыз бізге бар білгенін үйретіп, жамандықтан аулақ болуға, керісінше жақсылық жасауға, жаны жайсаң адамдармен дос болуға үйретеді. Қанша дегенмен, үлкен кісілердің өмірден көрген – білгендері, тәжірибесі көп. Сондықтан, ол кісілермен ақылдасып, айтқан өсиеттеріне құлақ асу абзал деп есептеймін.

Анамыз әрқайсымыз үшін ерекше жан, ал анамның  айтқан асыл  сөздері мен ақылы менің құлағымда өшпес шырақ  секілді. Анам үнемі «Балам, олай істеме, ұят болады», «Әкеңнің айтқанын тыңда», «Әкеңмен ақылдас» деп құлағыма құйып отырады. Есейе келе ғана осы сөздердің мән – мағынасын түсінген сияқтымын. Анам бірі болмаса бірі құлағында қалсын деген екен ғой.

Сондықтан, ата-ананың   ісінен    үйреніп    қана    қоймай,   олардың   тәрбиесін     бойға сіңіре    білу –   әр   баланың   парызы.   Ата-ана    қандай    жағдай   болмасын,    «балам     қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат  болсын»   деп   әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Демек, ата - анамызды жерге қаратпай, салиқалы ұрпақ болу - біздің парызымыз екенін есте ұстайық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота