В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
artemsuraaye
artemsuraaye
05.05.2023 18:57 •  Қазақ тiлi

Жағымды және жағы
4. Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1. Қазақстанға келетін туристер
үшін «Кім? Не? Қашан? Қай-
да?» деген сұрақтарға жауап
беретіндей төрт бағытта зият-
керлік карта жасаңдар.
2. Қазақ жерінде туризмнің жыл
сайынғы дамуына «SWOT тал-
дау» жасаңдар.
Күшті жақтары
SWOT талдау – мәселенің
мды және жағымсыз жа
тарына сараптама жасау, он
мүмкіндіктерін бағалау, орын
алатын қауіптер туралы айту
Әлсіз жақтары
Мүмкіндіктері
Қауіп-қатерлері​

Показать ответ
Ответ:
оля2036
оля2036
25.07.2022 11:51

Талай дүрбелең оқиғалардың куәсі болған, бүгінде көненің көзіндей ортамызда жүрген , ел қадірлеген, ауылдастарына сыйлы қарияларымыз баршылық. Солардың бірі – Алтынбел ауылының тұрғыны, жасы сексенге таяған Тоқтарбек Ошанов. Ол 1939 жылы Үштөбе ауылында қойшының отбасында дүниеге келген. Жергілікті мектептен білім алған соң, ол 1953 жылдан бастап, әкесінің қасында көмектесіп жүріп, шопан еңбек жолын бастайды. Т.Ошанов бұрынғы Ленин атындағы колхозда 45 жыл шопан болған. Шопан болғанда да қатардағы жай шопан емес, ұжымшар, аудан бойынша үздік атанып, талай марапаттауларға ие болған шопан еді.Бүгінде ауылына сыйлы азамат, мейірімді ата, қамқор әке болып, зейнетке шыққан шағында балаларының қуанышына бөленіп, немерелерінің қызығын көруде. Еңбек майданындағы еліне еткен жемісті еңбегі еленіп, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, ауылшаруашылық жетістіктер көрмесі (ВДНХ), «Еңбек ардагері» басқа да төсбелгілерімен марапатталған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
МарусяЧешир
МарусяЧешир
14.04.2020 08:46

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ  

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.  

а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.  

Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).  

ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.  

Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).  

б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.  

Мысалы: айтылуы- жазылуы: Қоныспек – Қонысбек, Тыныспек – Тынысбек, тас пер - тас бер^

в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жаңағорған – Жаңақорған, кім гелді? - кім келді?  

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ  

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.  

Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).  

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:

а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: Жампейіс – Жанпейіс, Ермағамбет – Ермағанбет;  

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.  

Мысалы: айтылуы - жазылуы: ашшы – асшы, колхошшы – колхозшы;  

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.  

Мысалы: айтылуы – жазылуы: жасса – жазса, божжігіт – бозжігіт.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота