Жас балапандарды күту.
Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріледі. Жұмыртқаны қатты пісіріп, оған қабығын уатып, қосып берген де жақсы. Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі. Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады. Балапандарға жем беретін астаушаларға бор, көмір және ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады. Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға, жемді бойына сіңіруге көмектеседі. Балапандарға екі айға дейін күніне алты-жеті рет, одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. Жас балапандар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың орындары жылы және құрғақ болуы тиіс Выделить все знакомые нам окончания Карандашом
И надписать сверху какими они являются
Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.
“Батыр Баян” поэмасы – Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма – қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін сатып,қалмақ қызымен бірге қашқан туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,кейін қалмақтармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалады.
Батыр Баянның батырлығында,жаугершілігінде шек жоқ.Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді.Поэманың басындағы:
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?-деген жолдар менің сөзімнің дәлелі.
Баянның өз қолымен туғаны мен сүйгенін өлтіруі қызғаныштан емес еді.Иә,хабарды естігенде ол ақылынан айырылып,ашуға мінді де кете барды.Алайда,бұл жауапсыз махаббаттан не дәрменсіздіктен емес.Бұл ісі оның Отанына адал да берік,намысқой,ерлік қасиетін көрсетеді.Менің сөзіме поэмадағы Баянның:
Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер бола ма?,-деген зары дәлел.
Қорытындылай келе айтарым,бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.Бұған қоса поэма арқылы тарихымыздың да бейнесін көре аламыз.Ал,батыр Баянның ерлік істері қазіргі жастарға өнеге.
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.