В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
poly77
poly77
26.07.2022 13:16 •  Қазақ тiлi

Жастардың бүгінгі бейнесі эссе 100 -150 сөз

Показать ответ
Ответ:
Dyadya11
Dyadya11
27.06.2021 06:28

«Ел ертеңі жастар» немесе «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын». Бүгінгі таңда осы тектес нақыл сөздерді алға тартып, біз мемлекетіміздің жастар қауымын бірінші орынға қойып, келешектің кілтін соларға табыстамақ ниеттеміз. Ал, сол біз сенім артып отырған жастарымыз қазіргі таңда болашақтың тұтқасынан ұстап, өзіміз жиі айтатын бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасып келе жатыр ма? Туған ел үшін жанын бере шайқасқан батырлардың ұрпақтары бабалары «білектің күшімен, найзаның ұшымен» сақтап қалған қазіргі тәуелсіз еліміздің әрі қарай дамуы үшін нендей қадамдарға бара алады? Осы тектес сансыз сұрақтар исі қазақ азаматын осы уақытқа дейін талай ойландырып, бүгінде ұлттық мәселелердің қатарында тұрса да, өзіндік нақты жауабын таба алмай келе жатқаны рас. Бұл тақырыпқа келгенде әркім әртүрлі пікір білдіріп, өзінше баға береді.

Кейде қоғамдық орындарда үлкен кісілердің «біз жас кезімізде ондай едік, мұндай болғанбыз, ал қазіргінің балалары өзгерген» деген сияқты реніштерін естіп жатамыз. Егер есімізге алсақ, Кеңес одағында жастар – мәдениетті, бәрі белгілі бір тәртіпке бағынған, Отан үшін отқа түсетін коммунистер болған. Солай болуға тиісті де еді. Өйткені, кеңестік кезең ешкімге еркінсуге мүмкіндік бермеді. Ал, қазір – демократия. Шүкір, азат елдің азаматтарымыз. Екі замандағы жағдайларды салыстыруға келмейді. Десек те, бір сәт «бүгінгі тәуелсіз елдің жастары қандай?» деген сұраққа тоқталайықшы.

Егер жастардың жағдайын, ұстанған бағытын мемлекеттік мекемелер болмаса партия ұйымдастырған шаралармен немесе олардың атқарған жұмыстарымен бағалайтын болсақ, онда көпшілігіміз «жастар – патриот, олар белсенді» деп жауап беретініміз сөзсіз. Бұл түсінікті. Себебі, қандай жиын болмасын, жастар улап-шулап, ұрандатылған сөздер жазылған плакаттарды ұстап бірінші қатарда тұрады. Бірақ, мұндай шараларға көбінесе студенттерді сабақ уақытысында жинап апаратынымыз жасырын емес. Әрине, ондай уақытта біз жастардың жағдайына емес, залды толтырудың қамына кірісіп кетеміз. Сөйтіп осылай кім-кімді алдап жүргені түсініксіз, көзбояушылыққа барамыз. Кейбіріміз осындай шараларды көріп, «өздері патриот дегеннің не екенін білмей жүріп, патриотпын деп жаһанға жар салады» - деп ашынамыз. Иә, шын мәнісінде, аузымызға жиі алатын патриотизм дегеніміз не? Егер оның нақты анықтамасын алып қарайтын болсақ, бұл сөзді грек тілінен аударғанда, patris - отан, атамекен деген мағынаны білдіреді. Яғни, патриотизм - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезім. Көрдіңіз бе, Отанына деген сүйіспеншілік сезім. Ал, қазір біз өзімізше пайымдап, парқына бара бермейтін болғанбыз. Жүрекпен сезінудің орнына, қанша рет алаңға уралап шыққанымызға есеп беретін болдық, осымен өлшейтінді шығардық. Соған байланысты мемлекеттен бөлінетін қомақты қаржыға ие болатын болдық. Жастарды желеу етіп, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырамыз деп, топ-топ қылып жиып алып, ұрандатқанымыз жасанды көрінеді кейде. Осындай шаралардың жиілеп, үрдіске айналып кеткені соншалық, «бұл әрекетіміз патриотизмнен популизмге ауысып бара жатқан жоқ па?» деген ой келеді. Әлбетте, қазіргі өркениетті қоғамның даму үрдісімен бағамдасақ, жастардың өздері белгілі бір сауатты топқа айналып келе жатқаны жасырын емес. Ал, популизм деген сөздің астарына үңілсек, белгілі бір әлеуметтік-саяси топтардың халыққа негізсіз уәделер беріп, жалған ұрандарын алға тартып, өз мақсаттарына жетуге бағытталған қызметіне әкеп тірейді. Бір сөзбен айтқанда, атың шықпаса жер өрте. Әрине, көпке топырақ шашуға болмас.

Дегенмен, бір сәт ойланып қарайтын болсақ, келешек жастарға біз Отанды, елді сүюді, патриотизмнің қадір-қасиетін үйретеміз деп жүріп, оларға ауызбен орақ орып, құр сөзбен қала салудың үлгісін көрсетіп жатқандаймыз ба қалай?! Осындайдан барып, ел болашағы саналатын жастар өз мақсаттарынан жаңылысып, алған бағытынан алыстап кетпей ме деген қорқыныш туады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота