«Жастықтың оты қайдасың?», «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге сүйеніп, дұрыс+/бұрыс- ақпаратты табыңдар.
Прочитай текст, найди правильную и не правильную информацию.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев
ауданы «Сасықкөл» деген жерде туған. Бала кезінен өте зерек болып, төрт жасынан хат
таныған. Мағжан 1905жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен
аяқтайды. Мұнда ол шығыс әдебиетімен танысады. Шығыс әдебиетінің даналары-
Фирдауси, Сағди,Хафиз, Омар Хайямның дастандарын түпнұсқадан оқиды. Ақын мұнан
әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Оның ұстазы-Ғалымжан
Ибрагимов. Мағжан-лирик, сыршыл, эпик ақын. Ол Пушкин, Лермонтов, Горький,
Байрон, Гете тағы да басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, таңдаулы
туындыларын ана тілімізге аударды.
ақпарат
Ақын шығыс әдебиетінің даналары-Фирдауси, сағди, Хафиз,
Омар Хайямның дастандарын түпнұсқадан оқыды.
Мағжан Омбыдағы мұғалімдер семинариясына оқуға түсіп,
күміс медальмен бітірді.
Ақынның ұстазы-Ж.Әбдірашев.
Мағжан-лирик,сыршыл, эпик ақын.
Ол Пушкин, Лермонтов,Горький, Байрон, Гете тағы да
басқа ақын-жазушылардышығармаларымен танысып,
таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударды.
2-тапсырма. «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбын еске түсіріп,
тест сұрақтарына жауап бер. Выполни тест.
1.Өнертапқыш-
а)ғылыми ізденіс жасаушы адам
б)ғылыми жоба жасаушы адам
2.Өнертапқыш ұтқырлығымен
а)ерекшеленеді
б)көрінбейді
3.Өнертапқыштар
а)ұтымды жоба ұсынады
б)ұтымды әңгіме айтады
4 Электронды бесік ойлап тапқан
а)Мақсат Кәдірхан
б)Серікбол Шәймардан
5 Бауыржан Тінәлиев не ойлап тапқан
а) көпқырлы циркуль
б) кешенді қондырғы
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.