ЖАЗЫЛЫМ 5
-тапсырма.
Қате жазылған сөздерді тап. Себебін түсіндір. Қою қаріппен берілген
сөздерді пайдаланып, сөйлем құра.
Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлыңі 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасына арналған. Ақын тәуелсіздіктің оңай келмегенін айтады.
Тәуелсіздік жолында талай жаслар өз өмірін қиған. Олар сол кездегі
саясатқа қарсы шыққан. Ақын осы қиыншылықпен келген еркiндiкты
жырлаған. Ол тәуелсіздікты сақтау бізге аманат екенін айтады. қалай сөйлем құраймы
Фонетиканың тағы бір зерттеу саласын — буын дейміз. Буын дегеніміз не? Буын деп сөз айтылғандағы дауыс толқынын айтамыз. Буын түрлері: 1. Ашық буын, 2. Тұйық буын, 3. Бітеу буын. Онымен қоса фонетика ережесі «үндестік заңын» үйретеді. «Үндестік заңы» дегеніміз не? Ережесі: Буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын айтамыз. Үндестік заңы: буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз, ал дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз. Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал
Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.
Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады
– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.
– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.
Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.
– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.
Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:
– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.
Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:
– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.
«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.