В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
kkkkiiiii
kkkkiiiii
29.10.2020 02:03 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 6-тапсырма. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап. Себебін түсіндір.
Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа турін сынақтан өткізді.
1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда
Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге
ғарышкерлермен бірге биотехнология, медицина салалары және Арал
аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу на
тижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесінің
ғарыштың фотосуреттері алынды. Осы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар
экологиялық аймақтың жағдайы туралы дабыл қағуда.​

Показать ответ
Ответ:
ольга1716
ольга1716
08.12.2021 21:25
      Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.     Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
TEMOXAA
TEMOXAA
27.01.2023 06:45

Біздің Қазақстан-тәуелсіз,егемен ел. Біз бәріміз осы елде туып өсіп,келеміз. Мен өз елімді мақтан тұтып,құрметтеймін.Біздің еліміз жер көлемі жағынан дүние жүзі елдердің ішінен тоғызыншы орын алады. Біздің жеріміз кең-байтақ,еліміз мал шаруашылығымен,құс шаруашылығымен және егін шаруашылығымен және т.б шаруашылықтармен  айналысады.Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.Ал елімізді басқарып отырған-ол біздің қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Бұл адам өте керемет адам. Өйткені ол біздің елімізді жаңартып, көркейтіп келеді.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасын әлемге танытты. Елімізге жаңа астана-Астана қаласын салып берді. Астана-Қазақстандықтардың мақтанышы, ал Бәйтерек- қазақстандықтардың символы. Президентіміздің жоспары бойынша көптеген жаңа  тұрғын үйлер, жаңа бала-бақшалар және жаңа Назарбаев Зияткерлік мектептер салды және әлі де салынып жатыр.Біздің президентіміз елімізге көп еңбек сіңірді,оны халық,біз балалар да өте жақсы көреміз. Елбасымыздың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы бізге күш-қуат, халықтың әл ауқатын, экономиканың нығайтылуын, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуын, халықтың компьтерлік  сауаттылығын жоғарылатуын, жастар үшін білімге деген құштарлығын кеңейтуін көздейді.Қазақстан Халқына Жолдауы-бұл- нақты бағдар беріп, Қазақстандықтар үшін үлкен табыстарға жетуге итермелейді. Елбасымыздың  Жолдауы мен үшін - үлкен мақсаттарға жету үшін, атап айтқанда, мәдениет, білім, экономика, әлеуметтік сала жағынан кең шекараларды ашады деген сөз деп ойлаймын. Сондай-ақ, алдағы уақытта бізге баршамызға белгілі ,биыл екінші жыл 1 желтоқсан- Қазақтың Тұңғыш Президенті күні аталмақ. Осы күн қарсаңында барлық қазақстандықтарды қазақтың тұңғыш президенті күнімен шын жүректен  құттықтай отыра, Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат ,ал еліме тыныштық  тілеймін. Әлемдегі барлық жанұялар бақытқа бөленіп, балалары ешқашан ауырмасын дегім келеді.

 

Объяснение:

болама?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота