В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
zofiaoxd1zb
zofiaoxd1zb
29.11.2021 11:30 •  Қазақ тiлi

Жазылым Білім алушы екі сұрақты (тақырыптың біреуін таңдайды. Құрамы 120-150 сөзден
тұратын жазба жұмысын (эссе) орындау керек.
1. «Адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті тастамаша
да қалдырады» деген оймен келісесіз бе? Өз козқарасымды білдіру.
2 Көпшілік мнетін көліктердегі адептілік негі сақтала ма? Ойыңызды сипаттап
[10]​

Показать ответ
Ответ:
еддпмаад
еддпмаад
16.03.2021 15:50

Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн.

Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні.

Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.

Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.

«Келбеті мен мінезі жақсы адам тозақ отына жанбайды» - деген қазақ халқының иманды сөзін есімізде ұстағанымыз жөн.

Объяснение:

дұрс деп ойлаймын

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота