Жазылым Бір сәт уақытты алдыға жылжытып көрелік. Сіз мектепті үздік аяқтап, жоғарғы оқу орнын бітірдіңіз. Қолыңызда дипломыңыз бар. Сіздің мамандығыңыз саяхат бастаушысы-аудармашы. Нұр-Сұлтан қаласына яғни мемлекетіміздің астанасына қызметке шақырту алдыңыз деп елестетіңіз. Үлкен туристік компанияда шетелдік және отандық туристерге саяхат бастаушысысы мамандығыңыз бойынша астанаға келген туристермен түрлі саяхаттар ұйымдастырып, қаланы аралап, бағыт-бағдар бересіз. Сіз қалайша Нұр-Сұлтан қаласын туристерге таныстрар едіңіз.
ДЕСКРИПТОР
• Туристерге Нұр-Сұлтан қаласын таныстырады;
• «Бәйтерек» монументі, «Ханшатыр» ойын-сауық, сауда орталығы, мұхитбақ туралы жазады;
• Мәдени орталықтар, кітапханалар туралы жазады;
• Орфографиялық, емле ережелерін сақтайды;
• Ойын толық жеткізеді
добрые люди
Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылмық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды. Тапқыр, ықшамды Шоқан балалардың ішіндегі ең жатық, шебер ойнайтыны болып алды. Ойын үстіндегі айтыс-тартыс сөздер Шоқанның тілін бұрынғысынан әлдеқайда жаттықтырып, жолдасын да молықтырды. Көп ұзаған жоқ, көктем жылуы басталып, Ертіс үстінен қызыл су жүріп, жаз лебі есті. Неге екені мәлімсіз, Шоқан бұл жексенбіде Сергей ағайдың да, Васил ағайдың да үйіне бармай, Ертіс бойына баруды ойлады.
Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан, дегенмен қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып кеп отырады. Бүтін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.
Күн жылыныңқырап, қала жұртшылығы қыс киімінен жеңілдеп өзен бойына шыққан. Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген аласапыран кезі. Екіншісі, күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі. Әсіресе сең жүрген кез, көктем лебімен мұнартқан дала сәулетін көтеріп, аса көңілді болады.
Кеше кешкілікте «ертең сең жүреді» деген елдің лақап сөзін естіген Шоқан түнімен елегізіп аз ұйықтаған.
Шоқанның әрдайым келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік мұрыншақ жарының үсті. Тағы да сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспан атқан сағаты. Қыстай бетін басып шегендеген темірдей мұзды быт-шытын шығарып, асау ағын көтеріп, әлдеқайда әкетіп барады.
Уақыты жетіп заман жылуы келгенде, қандай күш болсын, осы өзен мұзындай қопарылады. Ағынға түсіп жылжып жөнеледі.
Күтірлеп сынған қалың мұздар бірін бірі қаға жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр. Шапан жамылып, шәлісін төгілткен татар ханымдары, асыл киініп алқына басқан қала нәндерінің бәйбішелері ішін тартып, таңданып, өзен ғажайыбына үңіледі. Су бұрынғысынан әлдеқайда көтеріліп, жардың ернеуіне шыпылдап келіп, қалаға лап қоярдай лепіріп жатыр.