Жазылым Берілген үш тақырыптың бірін таңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз. [ Заң - жазыңыз. қоғамның тірегі Құқық сабағында мұғалім «Мемлекеттік заңды білу – сол елдің әрбір азаматының міндеті. Алайда заңды толық білмей өмір сүру мүмкін бе?» деген тақырыпта эссе жазуды тапсырды. Берілген сұрақ бойынша аргументативті эссе Эссеңізде тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазыңыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы Тұңғыш Президент апталығы аясында мектебіңізде көптеген іс-шара өткізілді делік. Қысқаша Шаралардың өтуі, қатысушылар туралы шолу жазыңыз. Шолуыңызда мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз. Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары Мектеп сайтынан қызықты мақала оқыдыңыз. Сол мақала негізінде аннотация жазыңыз.
Айтылым
Төменде берілге тақырыптың біріне таңдау жасап, сол тақырып бойынша 9- 12 сөйлемнен тұратын монолог дайындаңыз.Тақырыпқа сай сөздерді орынды Қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрап айтыңыз. Ұсынылатын тақырыптар: 1. Заң қоғамға не үшін қажет? 2. Еліміз үшін Конституцияның маңызы қандай? 3. Тұңғыш Президентімізден қандай үлгі алар едіңіз? 4. Қазіргі БАҚ жастардың тәрбиесіне қалай әсер етеді (оң/теріс)? 5. Қазақстандығы БАҚ-тың сапасын қалай бағалар едің?
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.