Жазылым Интернет-дүкені – ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кездің өзінде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық таныта бастады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да, түрлі дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Адамдар күні бой дүкен аралап іздегенін тапқанша, компьютер алдында отырып жарты сағат ішінде жүздеген затына тапсырыс беріп, үйінен алыстамай-ақ сауда жасай алады. Бұл интернет - дүкеннің ең бірінші мақсаты. 9
https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/46224
1. Осы мәтінді басшылыққа ала отырып, болжалды және бөлшектік сан есімдерді қолданып, «Интернет-дүкені – ХХІ ғасырдың базары» тақырыбында шағын мақала жызыңыз.
Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық!
Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға!
Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде!
Ми дарымай,Біреуге пұл дарыған,Аямайды пұлын ол ұлдарынан.Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардыңҚымбат емес кейбірі былғарыдан!
Аңдар бастан кешкенді –Дала кешпек.Тарих мұңын Ертеңге ала көшпек.Еліне де,Ерге де пайдасы жоқЕшкі қыздың үстінде лама бешпент.
Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,Қара жердің жотасы алаулайды.Орта ғасыр өткенменКейбір елдеАдамдарды, бауырым, әлі аулайды!
Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,Белгілі ғой кімнен қан тамшылары»Аңдып жүріп атадыЗәңгілердіКу-клукс-кланның аңшылары!
Өкпе емес пе осыным,Наз емес пе?!Кейбіреулер барына мәз емес пе?!Туыс көп теЖоқ бірақ туысқандық.Адам көп те,Адамдық аз емес пе?!