В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
hdn12
hdn12
05.03.2020 14:48 •  Қазақ тiлi

Жер-дүниенің патшасы Сүлеймен кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық қылады: – Сен, қарға бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы тұрған қапасқа отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған даусымен оятсын! – Сен, кірпі, барып жер жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, оны әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанымен оянып, қапасқа қарай бергенде, бетім сол нәрсеге тисін, – деді. Қарға дамыл таппай, жер аралап, құстардың сайрағанын тыңдайды. Бірақ оған ешбір құстың сайрағаны жақпайды. Бұлбұл, сандуғаш һәм басқа құстар салған әндері ұнамайды. Даусы жақсы құсты таба алмай, қарға сорлы қайғырады: «Енді маған өлім келеді». Таң мезгілде талып, шаршап, «балаларын бір көріп, амандасып кетейін» деп қарға ұясына қайтады. Анасын көріп, аш балапандар шиқылдап, қарқылдай бастайды. Бұлардың қарқылдағаны қарғаға сондай жақсы, нәзік көрінеді. Олардың қасында бұлбұл, сандуғаш әлдеқайда жаман сайрайтындай көрінді. Қарға сорлы қуанып, балаларын Сүлеймен патшаға әкеліп, оның қапасына отырғызады. Кірпі түні бойы дамыл таппай, жер жүзін кезіп, жұмсақ нәрсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Шаршап-шалдығып үңгіріне қайтып келеді. Балалары алдынан шығып, анасын құшақтайды. Кірпіге балаларының денесі сондай жұмсақ көрінеді. Кірпі: «Жер бетінде өз балаларымнан жұмсақ нәрсе болмас», – деп ойлайды. Көп ұзамай, балаларын Сүлеймен патшаның жастығының үстіне әкеліп қояды. Таң атады. Қарғаның балалары қарқылдап, шиқылдай бастайды. Сүлеймен патша «бұл не?» деп қапасқа қарай беттей бергенде оның бетіне тікенектер кіріп кетеді. Қараса, қапаста қарғаның балалары отыр, жастығының үстінде кірпінің балалары жатыр. Сүлеймен патша ашуланып, қарға мен кірпіні шақырып алып, бұлардың басын кесуге бұйрық қылады. Жазалы болған кірпі мен қарға «дат, тақсыр» дейді. Сүлеймен патша датын айтуға мұрсат береді. Екеуі бастан-аяқ қылғандарын баян еткен соң, пайғамбар ойға шомады. «Әркімдікі өзіне балдан тәтті, оттан ыстық, күннен жарық һәм мамықтан жұмсақ» екенін түсініп, қарға мен кірпіні босатып жібереді. Кірпіге тән емес әрекетті көрсетіңіз.

Показать ответ
Ответ:
Mavl58
Mavl58
08.06.2022 03:30
Қызметі:
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі

Ұлты:
Қазақ

Қайтыс болған күні:
19 наурыз 1938

Қайтыс болған жері:
Алматы

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).
0,0(0 оценок)
Ответ:
hdn12
hdn12
19.04.2020 18:59
Шоқан 1935жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Ол Абылай ханың шөбересі (Абылай=> Уали=> Шыңғыс=> Шоқан). Шоқанның шын аты Мұхаммедханафия. Оны Шоқан деп еркелеткен əжесі- Айғаным. Шоқан зерек, білімге құштар бала болып өсті. Оның рухани өсуіне көп адамдар əсер еткен. Алғашқылардың бірі болып өз əжесі Айғаным. Одан соң Шоқанның əкесі Шыңғыстың үйіне қонақ болып келген дана, ойшылдар,кейіннен досы Потанин де өз əсерін тигізген. Құсмұрындағы мектептен мұсылманша білім алып, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренген. Шоқан кадет корпусында жақсы оқыған ол туралы досы Г.Н.Потанин: өз досының өте зерек, білімді екенін көп жазған.
Потанин Шоқан туралы:"Өзінің бізден артық білетіндігін,не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тыры да, жолдастарының арасында болатын жəй əңгімеден-ақ, оның білімі бізден артықтығы танылып қалатын"-,деп жазады. Шоқан 1865жылы 30-ға қараған шағында дүниеден өтеді. Шоқан- қазақтан шыққан алғашқы ғұлама ғалым.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота