Әрбір адамның сыр айтатын нағыз адал досы бар.Менің де адал досым бар.Оның аты /есімі / Рустем. Біз нағыз доспыз,әрдайым бірге жүріп, бір бірімізге көмектесеміз.Досымыз екеуміз қиын жағдайда бір-бірімізге көмек береміз.Менің досым менің ақылшым, ол өте мейірімді ,аққөңіл. Халқымызда ,,Досы жоқ адам ,тұзы жоқ тағам ,,-деген сөз бар.Расында да досымыз болмаса өзімізді қолайсыз сезінеміз.Достық өмірдегі ең қымбат нәрсе. Доссыз өмір сүру өте қиын. Біз досымыз екеуіміз әрқашанда біргеміз ,бір -бірімізді сыйлаймыз ,тыңдаймыз. Біз нағыз доспыз.
Астана – арман қала
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.