В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
annafilimonova1
annafilimonova1
20.06.2020 04:54 •  Қазақ тiлi

«Жолаушы және сиқырлы ағаш» ертегісі, «Жолың болсын, жолаушы!» мақаласы 1-мәтіндегі жолаушы қандай кейіпкер?
1 - мәтін
Жолаушы және сиқырлы ағаш
Көп күн бойы шөл даланы жаяу кезіп келе жатқан жолаушы бір күні үлкен алып ағашты көрді.
Жапырақтары жайқалып тұрған ағаштың астына келіп, көлеңкесінде тынығып алмаққа бекінді.
«Мүлдем күш-дәрменім қалмады. Су ішкім келіп тұр» деп ойлады ол. Кенет қасынан салқын су
құйылған құман пайда бола кетті. Жолаушы бастапқыда қорыққанымен, салқын судан ақырын
ғана бірнеше мәрте ұрттап алды. «Енді тамақ болса ғой» деп армандады ол. Сол сәтте жедел
түрде үстел пайда болды. Үстел толы ас екен. Асқа әбден тойып алған соң, жолаушының
демалғысы келді – қасынан құс жастық табыла кетті. Сол сәтте оның ойына бір нәрселер келе
бастады: «Мұның бәрін жасап жатқан кім? Мүмкін, қорқынышты құбыжық болар?» Кенет
қасынан қорқынышты құбыжықтар өсіп шығып, әрі-бері жүре бастады. «Олар мені өлтіруі
мүмкін ғой!» деп ойлады жолаушы. Олар оны жеп қойды.
Аксы ойла
да бin Thісілден түйеn ой өмірде аркашан Аяксы ойлап, тек қана позитивті болып жүру керек.

ОТВЕТ;АРМАНШЫЛ,ҚИЯЛШЫЛ КЕЙІПКЕР​

Показать ответ
Ответ:
tanushkako
tanushkako
01.12.2021 09:38

Ақылды қария - ағып жатқан дария.

Халқымызда «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер.  Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.

Менің де ата – әжем бар, олардың мен үшін алатын орындары да бөлек, оларды ерекше жақсы көремін. Ешбір мейрамды әжемнің пісірген тәтті, ыстық бауырсақтарынсыз елестете алмаймын. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Біз атамыз бен әжемізбен тұратындықтан біздің үй «қара шаңырақ» аталып кеткен, міне, сондықтан алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе,міндетті түрде біздің үйге келіп, ат басын тірейді.

Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
MatthewSan
MatthewSan
03.02.2023 10:57
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота