В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Nimfa48
Nimfa48
26.05.2023 22:50 •  Қазақ тiлi

Жылдар өткен... Жазғытұрым. Басталды бір жаман ырым,

Жаумай жауын жалғыз тамшы,

Ерте солды гүл-бәйшешек,

Еркін өспей қурады шөп,

Етке тиді ауыр қамшы.

Еккен егін өнбей жерге,

Еткен еңбек ұшты желге,

Ел күйзелді ем таба алмай.

Жабырқаған жарлы қауым

Жалбарынды тілеп жауын,

Көк жиектен көзін алмай.

Сезген мұны Толағайда

Сабырсыздық болды пайда,

Ойланады ұзақ түндер:

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын.

Адал ақыл айтар кімдер?..»

Көп өтпеді. Бір күндері

Шешесіне еркеледі.

Отыр сұрап әр нәрсені... –

Тағы да бар бір сұрауым:

Көп жауады қайда жауын?

Білсең, апа, айтшы, - деді.

Айғақ ете үлкендерді

Апатайы жауап берді:

Деген сөз бар - «тауда тандыр»,

Қарлы, шыңды тау жерінде,

Тарбағатай өңірінде

Үзілмейді жылда жаңбыр.

Екі беті гүл-гүл жанды,

Кідірмеді, жүріп кетті.

Кеудесімен бұлт бөгеген,

Бұлттан жаңбыр себелеген

Асқар тауға келіп жетті.

Таңдап жүріп тау жотасын

Талғай қарап орман, тасын

Тарбағатай үйірінен,

Толағайы тыңдап алды.

Көңілі сүйген бір шатқалды

Ұзақ ырғап бөліп алды

Өркештенген түйінінен,

Басындағы қарын қоса,

Баурындағы аңын қоса,

Шайқап бұлақ, көк орманды,

Күшпен әрең алды дағы,

Арқасына салды дағы

Келген ізбен қайта оралды.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды,

Маңдайдан тер көл боп ақты.

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Тау жақындап қалды келіп,

Бұйраланған бұлт өңгеріп

Таңданысты көрген адам.

Әлден кейін танылды анық,

Толағайлап шулап халық,

Қуанбаған қалмады жан.

Құйды жаңбыр, сел боп ақты,

Күн күркіреп, шатырлатты,

Күйген жердің кірді жаны.

Шөлдегендер суға қанды,

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

Талған дене, жанған өкпе

Келген шыдап сонша көпке,

Ұзақты күн сыр бермеген.

Жетеріне жеткен кезде,

Күн еңкейіп шөккен кезде

Сүрінді алып әлденеден.

Кетті құлап, тұра алмады

Қайта қару қыла алмады.

«Апа», - деді жалғыз ғана.

Тау да басып шөге берді,

Апасы жас төге берді

Отаны үшін өлді бала.

Кім қалды екен егілмеген,

Кім қалды екен төгілмеген

Көз көргеннен Толағайды

Күңіренді де анасындай,

Күн де батты шарасыздай,

Түн қап-қара шашын жайды,

Айсұлудың күрсінгені,

Күрсінгенде алған демі,

Адам тұрсын тауға батты.

Кеуіп қалған қос шандырдан

Күйік сүті шапшып тыңнан –

Кілең аппақ тас боп қатты.

Ауысыпты заман талай,

Аталғалы тау «Толағай»...

Соны үлкендер ертек еткен.

Алыпты тау басып жатқан,

Ана сүтін тас боп қатқан

Көреді әлі өткен-кеткен.

«Толағайдың» төңірегінде,

Толқынданған желмен бірге

Көк теңіздей көк шалғыны.

Алыпты жұрт ардақтайды

Алып атын бір атайды

Жылда, жаңбыр жауған күні.

Тапсырма:Әбілдә Тәжібаевтың "Толағай" өлеңінен үзінді оқып , Сын есімдерді тауып жазыңыздар​

Показать ответ
Ответ:
ponia
ponia
31.01.2020 20:29
Шокан, катаясь на лошади с отцом, вчера хорошо понял свое обещание кошке. Чингисхан поднял голову и оставил ребенка в покое.
«Куда вы идете?» - спросил он.
- Ну, вчера, я обещаю приехать к Кату, скульптору. Я пойду туда.
«Вы когда-нибудь говорили, что не поедете?» Отец сказал ему:
«Жаль, если я обещаю обмануть тебя». Он больше не верит в мои слова.
Он посмотрел на Чингиз Шокан и сказал:
«Хорошо, хорошо, да». Ну, не все говорят хорошо.
Когда Чокан попадает в колодец, кошка противостоит ему. Он указал на новые скульптуры, которые он держал в руках:
- О, Шокан, я сделал это. Я хочу, чтобы ты не пришел! ..
«Нет, я же сказал, что не приду. Мы не должны обещать, обещания - на местах. Это то, что вы обещаете вчера, вы говорите, делайте это и ждите », - сказал Шокан своему другу
Скульптуры кошки представляли собой птичий глаз и делали тележку телег.
Чокану понравилось то, что она только что увидела, новинку, которая быстро развивалась. Эти скульптуры были пусты и пусты. Он взял ее в руки и схватил и сказал:
- Вы кладете скульптуры на солнце, но теперь она еще молода. Я приду завтра, - сказал Шокан, принося сахар и баурсаки из дома к Котам.
0,0(0 оценок)
Ответ:
алибек29
алибек29
04.01.2023 17:24
Әрбір бала өмірінде бір рет өзіне "Кім болғым келеді?" деген сұрақты қойған болар. Өз басым ойымды сан мәрте өзгертіп, осы сауалды өзіме өмір бойы қоюмен болдым. Ал қазір бағдарламашы болам деген шешімге келдім. Мұндай шешімді қабылдауыма бір жыл бұрын файлдар мен құжаттарды қарап компьютердің алдында отырғанымда компьютердің әр алуан мүмкіндіктерімен танысуым түрткі болды. Сондай-ақ бүгінгі күні математикалық бағыттағы мамандықтарға сұраныс жоғары екені мәлім. Ұлы Абай айтқандай, біздің өміріміздегі ең маңызды таңдау - жар таңдау мен мамандық таңдау болып табылады. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота