В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Cat4ik
Cat4ik
06.01.2021 17:39 •  Литература

1.Що зрозумів Бен Ган коли був 3 роки на острові?

2.Що за ключі були на цепі у Марлі?

3.

Показать ответ
Ответ:
blin42p00v7h
blin42p00v7h
09.07.2021 07:12

Әнет би Кішікұлы(кейде Көшек, кейде Күшік деп те аталады) 1626-1723 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі абыз, Әнет баба аталған ара би. Әнет бидің ата тегі қазақ шежіресінде, оның ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының жазған "Тобықты шежіресінде" былай таратылады: "Орта жүз Арғыннан Ақсопы, одан Тобықты, одан Рыспек, Дәулетік (Жуан таяқ). Рыспектен Дауан, Мұсабай, Көкше. Мұсабайдан Сүйірбас, одан Сары, Сарыдан Кішік туады. Кішік атаның бәйбішесінен Сәңкімұрын, Бейімбет, Тоқалынан Әнет, Әйтек тарайды. Әнет бабаның бәйбішесінен Байболат, ортаншы әйелінен Жаубасар одан Өтеғұл, Маң, кіші әйелінен Есболат, Шақа ұрпақтары бар. Ал, Әнеттің інісі Әйтектің бәйбішесінен Олжай, тоқалынан Байбөрі, Қалқаман ("Қалқаман-Мамыр" жырының кейіпкері) үрім-бұтақтары тарайды.

Ертедегі жаугершілік, шапқыншылық, "Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама" аталған киыншылық заманда Тобықты елі осы күнгі Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Торғай облыстарының жерінде, енді бір аталары ауыл-аймағымен Сырдария, Әмудария аралырындағы Қызылқұм даласында, Бұхар, Ташкент, Түркістан, Сауран, Шымкент шаһарларын мекендеп, тіршілік еткен. Тобықтыдан шыққан Ырғызбай, Торғай, Кеңгірбай, Бұхарбай деген билер мен батырлар есімі сол тұста койылса керек.

Ендігі бір деректе мына бір әңгіме аңыздалады: Жоңғарлармен соғыста Әнет би алты баласымен бірге жау колында қалып, балалары мерт болады. Екіқабат бір келіні аман калып одан ұл туады. Оның атын Әнет бабасының соңғы тұяғы деп "Бақай" қояды. Сол Бақайдан Әйтек ата ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен - Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады. Байбөрі ел басқарған беделді кісі болған соң "Бәкең" аталып кеткен. Осы күнгі "Бәкең балалары" сол Байбөріден таралған. Ал, Калқаман өзі сері әрі батыр жігіт екен. Ол өзінің Мамыр деген қарындасына ғашықтығынан жазықты боп қалады. Әнет би оны өлім жазасына кеседі. Бидің бұйрығы бойынша Қалқаман садақ кезеніп тұрған жігіттердің алдынан шауып өте бергенде, ауыр жараланып аман қалады. Қалқаман еліне өкпелеп, Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер аулына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы "Қалқаман аулы" сол Қалқаманнан қалған үрім-бұтақтар.

Ал, Әйтектің үлкен баласы Олжайдан - Айдос, Қайдос, Жігітек тарайды. Жігітектің бәйбішесінен атақты Кеңгірбай би туған. Сол Кеңгірбайға билік тиген соң-ақ Тобықты еліне еркіндік орнаған. Оғанға дейін Тобықты әр елдің талауында боп жүреді екен. Айдос - момын ғана шаруа болыпты. Оның Айпара деген бәйбішесі сол ауылды билеген ақылды да, айбарлы, беделі асқан, акын ана болған екен. Әнет әулие абыз бейнесін заңғар жазушымыз Мүхтар Әуезов өзінің тұңғыш туындысы "Еңлік-Кебек" драмасында кескіндеген. Шәкәрім ақынның және Әнуар Мамашәріп тегінің естелігінде де жан-жақты баян етілген. Әнет бабадан кейінгіге мұра боп калған билік, шешендік ақыл, нақылдар аз емес. Соның ел аузында аңыздалып жүрген кейбірі мыналар:

Қазақ баласы Туркістанды астана етіп, дәурені жүріп тұрған заманда алаштың бас биі үйсін Төле биден біреулер: - Уа, Төле би; біз адассақ сізден ақыл сұраймыз, сіз адассаңыз кімге жүгінесіз? - деп сұрапты. - Әнет бабаң бар емес пе? - деген екен сонда Төле би. Төле би төбе би болып сайланған соң өзін сынатайын деп Әнет бабаға келеді. Келсе Әнет баба он екі қанат ақбоз үйдің қақ төрінде төрт қабат төселген көрпенің үстіне, көкірегіне көк құранды қойып шалқасынан жатыр екен. Төле амандасып, жәй-күйін айтқан соң, Әнет баба Төле биге арнап төбел бие сойғызып, төрткілдеп ошақ қаздырып қонақасы беріпті. Кететін кезінде қасына шақырып алып, керегеде ілулі түрған корамсақты нұсқапты: - Төлежан, анау қорамсақтан бір жебе суыршы, - депті Төле Әнет бабаның айтқанын істеп, қозы жауыран қу жебені суырып алып, бабаға ұсыныпты. - Осы жебені ортасынан сындыр, - депті Әнет баба. - Төле тізесіне қойып, басып қалғанда жебе ортан белінен корт сыныпты. - Енді үш жебені алып сындыр, - дейді Әнет. Төле үш жебені сындырып, алты шыбық жасапты. - Енді осы алтауын сындырып көрші, - депті Әнет баба. Төле алты шыбықты әрі майыстырады, бері майыстырады, сындыра алмаған соң, қорамсағына салып алыпты да, Әнет бабадан қол жайып бата сұрапты. - Жортқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын! - деп Әнет баба бата беріп, қонағына шапан жауып шығарып салады. Былай шыға бере, Төленің жанындағы жолдастары түкке түсінбей: - Төке, Әнет бабаның мұнысы несі? Бізді жебе көрмей жүр дегені ме? - деп сұрапты. Сонда Төле би: - Жоқ, сендер түсінбедіңдер. Әуелі жалғыз жебені сындыртқан себебі, жалғыз болсаң, кез келген қарулы қол беліңді сындырады дегені. Алты бірдей шыбықты сындыр дегені - егер ауызбіршілігің болса, алты алаштың баласына ешкімнің шамасы келмейді. Көптің аты көп, бірліктің аты бірлік. Ай, әруағыңнан айналайын Әнет бабам-ай, бір күні сен де кетесің-ау бұл дүниеден, - деп Төле би көкірегі жалын атып күрсінген екен деседі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
nazarovradion
nazarovradion
09.07.2021 07:12

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768 — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан[2].

Ақтамберді жырау

“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.[3]

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Литература
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота