В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Используя данную таблицу составь две задачи (обязательно сама задача с содержанием, и во которая решается в два действия
Таблица:
Меркурий- 48 км/с
Венера - 35 км/с
Земля- 29765км/с
Марс- 24км/с
Юпитер - 13км/с
Сатурн- 10 км/с
Уран - 7 км / с
Нептун- 2100км/ч
Плутон- 4,74 км/с

Показать ответ
Ответ:
Wild044Rose
Wild044Rose
22.09.2022 19:41
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады
0,0(0 оценок)
Ответ:
девочкаксюша
девочкаксюша
24.08.2021 16:08

Жаңа заман еуропалық мәдениеті - Еуропа үшін жаңа заман (ХВЫЫ—ХЫХ ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады.

Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында ХВЫЫ ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.[1]

ХВЫЫ ғасыр ғылыми революция — а ң өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (ХВЫ ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. ХВЫЫ ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы а ң сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. ВЫ ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Окружающий мир
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота