Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсам қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді.
Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
«Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, а үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем.

Менің туған жерім

Объяснение:
сделай мой ответ лучшим