Материалдары бойынша анықтаңдар: 1) Автор қандай ұғымдар мен терминдер қолданды? Сөздіктер мен
басқа да дереккөздерінің көмегімен кем дегенде екі ұғым мен тер-
минге анықтама беріңдер.
2) Жарияланымда қандай топонимдер аталған? Олар топонимдердің
қай тобына жатады? Топонимдік сөздіктің және басқа да дереккөз-
дерінің көмегімен олардың мәнін анықтаңдар. Олардың латынша
транслитерациясын ұсыныңдар.
Ландшафт (нем. land — жер, schaft — өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады.