1. Күрделі сөзді табыңыз А) кітапхана;
В) киім-кешек;
С) қар;
D) туыс;
Е) үлкен.
2.Түбiр+жұрнақ+көптiк жалғауы+тәуелдiк жалғауы схемасына сәйкес болатын сөздi көрсетiңiз.
А) мұғалiмдерiм
В) жұмысшылары
С) тәлiмгермiз
D) мамандығымыз
Е) достарың
3. ІІІ жақта тұрған сөзді табыңыз
А) оның елі В) сенің ойың С) осы жайында
Д) мәдениетті тұлға Е) дереу қимылдады
4, Үндестік заңына бағынбайтын септік
А) атау септік В) табыс септік
С) көмектес септік Д) шығыс септік Е) жатыс септік
5. Жіктеу есімдігін көрсетіңіз
A) Қандай ? қалай ?
B) Өзім, өзіне
C) Біреу, ешкім
D) Мен, сен
E) Бәрі, бүкіл
6. Дара сын есім тіркесті табыңыз.
А) өткір көзді адам В) аппақ қар С) киім тазаланды Д) көгілдір аспан Е) теп-тегіс жол
7. Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) Төзімді.
В) Саңырауқұлақ.
С) Шаруашылық.
Д) Жақсылық.
Е) Орта.
8. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу
9. Шығыс халықтарының Жаңа жылын табыңыз
А) 1-мамыр.
В) 30-мамыр.
С) 22-наурыз.
D) 25-қазан.
Е) 30-тамыз.
10. Орталық Қазақстан өңірінің атауын табыңыз.
A) Сарыарқа.
B) Күріштің отаны.
C) Жетісу.
D) Жібек жолы.
E) Солтүстік Қазақстан.
11. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Әдемі
B) тұзды
C) сулы
D) бақытты
E) қуанышты
Диалогті жалғастыру.
-Жидегің тәтті ме?
-Өте дәмді. Жейсің бе?
-Иә, дәмін көрейінші...
-Міне, ала бер.
-М-м, тәтті екен. Қайдан алып едің?
-Орталық базардың кіре беірісінде отырған апайдан.
-Мен де алмасам...
-Жидекті жақсы көресің бе?
-Иә. Үйде тосабы да бар. Бірақ осындай балғын жидекті жегім кеп жүрген. Рақмет саған!
-Оқасы жоқ!
Дыбыстық талдау.
Қоян - 4 әріп, 5 дыбыс (я - й+а)
Қ - дауыссыз, қатаң.
о - дауысты, жуан, ашық, еріндік.
й - дауыссыз, үнді.
а - дауысты, жуан, ашық, езулік.
н - дауыссыз, үнді.
Аю - 2 әріп, 3 дыбыс (ю - й + у)
А - дауысты, жуан, ашық, езулік.
й - дауыссыз, үнді.
у - дауысты, жуан, қысаң, еріндік.
Тиін - 4 әріп, 4 дыбыс.
Т - дауыссыз, қатаң.
и - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
і - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
н - дауыссыз, үнді.
Қазақ тілі бай тіл
Менің ойымша қаза тілі өте бай тіл. Қазақ тіліндегі теңеулер мен сөз тіркестері өте керемет
Себебі мен оны былай түсіндіремін: қазақтағы айтыс өнерінің өзі тіліміздің дамыған ауыз әдебиетіне бір мысал бола алады. Ауыз әдебиетінің жақсы дамығандығы тілдің байлығының бір белгісі бола алады.
Оны мен былай дәлелдеймін. Мысалы айтыста ақында барлығы бір әріптен басталатын өлең шумақтарын да жазып отырған. Бұл дегеніміз сол нәрсені жасауға жеткілікті сөз байлығы бар деген сөз.
Осыған байланысты қорыта келе тілімізді өте бай және оны құрметтеу керек деп ойлаймын.