В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
marynochka10092
marynochka10092
30.03.2020 21:19 •  Қазақ тiлi

1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. 1-мәтін
Театр (грек. тһеатрон – ойын-сауықорны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әрхалықтыңөмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтезді көнер.
Театр – ұжымдықөнер, өйткеніқазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші;), композитор мен гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түріқалыптасты. Еншіалып, отаутігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды.
Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәденимән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмірсүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмірқұбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.
2-мәтін
Астананың театрларында классикалық киім немесе көйлек киіп кел деген талап жоқ. Дегенмен театрға сай киініп келу ішкі мәдениеті жоғары адамдар үшін айтылмайтын заңдылық. Станиславский: «Театр киім ілгіштен басталады» деп айтқан. Бұл адамның есіктен кіргеннен шыққанға дейінгі мәдениеті, екіншіден үстіңе киіп келген киімің. Мұны біз көрермендердің өзінің талқысына, таңдауына, талғамына саламыз. Десек те, қазіргі жастар ондай нәрселерді түсіне бермейді. Оған бәлкім өзіміз де кінәлі шығармыз. Біздің елімізде театрға билет сату көбінесе ұжымдық деңгейде қалған. Әкімші белгілі бір мектепке барады, белгілі бір сыныптан 30-40 адамды ертіп келе салады. Бірақ театрға арнайы билет алып келетін адамдар некен-саяқ. Мәселенің бәрі осыдан туады. Мектеп оқушыларын айтпағанда студенттердің өздері де спорттық киіммен, джинси шалбар, кроссовки киіп келеді. Театрға барып қарап отырсаңыз біздің жастардың бойында театр мәдениетін сіңірмегенін байқайсыз. Залға кірген кезде балалар кириешки жеп, сусынмен келіп жатады. Яғни, кинотеатр деңгейімен салыстырады. Театр жанды өнер болғандықтан бұған бей-жай қарай салуға болмайды. Олардың су ішіп, шулап отыруы белгілі бір деңгейде актерлардың ойынына кедергі келтіруі мүмкін. Екіншіден, көрерменнің мұндай әрекеті театр мен ондағы актерларды сыйламауы деп білемін. Театрға көп келетін адамның бойынан оның мәдениет деңгейінің биік екені байқалып тұрады. Орта жолда келе салатындар үйлесімділікті бұзады.
Театрдың сосын сатылай даму ерекшеліктерін ескеру керек. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар «Қуыршақ» театрына баруы керек. «Қуыршаққа» барған бала Жастар театрына барғанда қандай орынға келгеніне хабардар болып отырады. Біздегіата-аналар театр, музейге баласын апаруды тәрбиенің бір бөлшегі ретінде қабылдамайды. «Күйеуіңізді сатыңызшы»,«Еңжақсы еркек» деген сияқты үлкендер аудиториясына арналған қойылымдарға баласын жолай жетектеп әкеле салады.
Мен Ресейдің, Еуропаның біраз театрларында болдым, оларда мұндай проблема жоқ. Біздің театрларға «Дресс-код міндетті» деген ереже орнатқанымызбен, көрерменнің ішкі мәдени деңгейін өзгерте алмаймыз ғой. Сол себепті, ең алдымен, адамдардың санасы өзгеруі тиіс.

Показать ответ
Ответ:
uchenik5713
uchenik5713
21.07.2022 06:10

Аудармасы.

Алтын адам сақ жауынгері болған. Ол Есік қаласындағы сақ қорғанынан табылды. Алтын адамның басында қанатты жылқылар, қар барыстары, арқарлар және құстармен безендірілген ұзын үшкір бас киім бар еді. Ол белбеуі бар берен және алтын салтанатты киім киген. Онымен бірге әлі де шешілмеген / құпиясы ашылмаған жазбаша белгілері бар ыдыс табылды.Қанатты барыстағы алтын адам Қазақстанның ұлттық рәміздерінің біріне айналды. Сақ батырының көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында бар. Алтын адам қазіргі қазақ халқының ата-бабалары өмір сүрген жер қорғаушыларының ерлігі мен уақыт сабақтастығы бейнесіне айналды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
атэмон
атэмон
12.03.2020 03:52

көз жанарының нашарлауы, заттардың түрсипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.

Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жонды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың алыстан көргіштігі кезінде көздің қылиланып кетуі де мүмкін

Плюс а текст не тот, обычный с гу

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота