В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lsrk
lsrk
01.04.2020 00:09 •  Қазақ тiлi

1- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Ескерту: Дұрыс жауап саны-1 Киелі жануарлар– айрықша қадірленетін тіршілік иелері. Қазақ халқының дәстүрлі наным-сенімінде, әдет-ғұрпында киелі жануарлар – жақсылықтың жыршысы, берекенің бастауы, бақ әкелуші, ырыс-құттың нышаны. Ш. Уәлиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде «Қазақтар киеге үлкен мән береді. …кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру, а байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар дейді, ал олардың өзін киелі деп атайды. Жан-жануарлардың киесін қадірлемеу – киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары – кесір деп аталады», – деп түсініктеме берген. Киелі жануарларды ғылыми тілде зоолатрия деп атайды. Ол гректің «zoon» – жануар «latreіa» – құрмет тұту, табыну деген сөздерінен шыққан.
Солтүстік Америка мен Солтүстік Азия халықтары – аюды, Африка халқы – ірбісті, үндіс тайпалары – құндызды, еуропалықтар – дегелекті, славяндар – көгершінді, үнді халқы – сиырды, тибеттіктер – итті, қырғыздар – бұғыны, мысыр халқы – мысықты, скарабей қоңызын киелі деп есептейді. Қазақ халқында «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі бар» деген мақал-мәтелдер соның айғағы. (80 сөз)
1. Мәтінде кездесетін омоним сөз
A) Кие
B) Деп
C) Мән
D) Бақ
E) Құт

2. «Берекенің бастауы» тіркесіндегі асты сызылған сөз[1]
A) Синоним сөз
B) Көп мағыналы сөз
C) Тура мағыналы сөз
D) Антоним сөз
E) Күрделі сөз

3. Синонимдік қатардың дұрысы[1]
A) Табыну-тұтыну
B) Ырыс- жоралғы
C) Киелі-қасиетті
D) Қаһары- қадірі
E) Әдеп-құрмет

4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып[1]
A) Уәлиханов зерттеуі
B) Шамандықтың халқы
C) Ырым-жоралғылар
D) Киелі жануарлар
E) Құдіретті күш

5. Қазақ халқының жануарларды кие тұтуының себебі[1]
A) Жануарларды жақсы көргендіктен
B) Ырымға қатты сенгендіктен
C) Жануарлардан қорыққандықтан
D) Жануарларға жақын жүргендіктен
E) Жануарларды қолға үйреткендіктен

2- тапсырма
Киелі жануарлар болатыны сияқты кие санайтын немесе адам денсаулығына пайдасы тиетін өсімдіктер көп. Өзің білетін өсімдікті туралы 2-3 сөйлеммен сипаттап жаз
3- тапсырма
Жазылым
Өзің тұратын өлкедегі кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді негізге ала отырып, «Туған өлкемнің жануарлар және өсімдіктер әлемі» атты шағын эссе жазыңыз. Эссе көлемі 80 сөз

Показать ответ
Ответ:
Pacan4ikForever
Pacan4ikForever
13.01.2021 16:21

a

d

e

c

b

2.Алоэ осімдікі бізге крем ретінде келді.Оны әйелдерде ер адамдарда қолданады.Онын комеги : теріге,бетке комектеседт

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота