1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша
ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан
жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды Тонаған мал-мүлiктерiн тиеп кетеді. Қолга
түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр
күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды
босатсандар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан кимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін
ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? – деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей
өтеді.
Әлі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана
күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Негізгі ақпарат
1.
2.
3.
Қосымша ақпарат
1.
2.
3.
Көзқарас
1.
2.
3.
Төрткүл дүние дидарына дарқан даланың кеңдігін көрсетіп, кемел келешекке көпір салған көрменің өткен жексенбіде нүктесі қойылды. Шын мәнінде таңғажайып көрме еліміздің экономикалық, саяси, сыртқы байланыстарын нығайтуға, индустрияландырудың жаңа сатысына қадам басуға мүмкіндік сыйлады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядролық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамыды. Энергетика базалық салалардың бірі бола отырып, дамушы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында айтарлықтай із қалдырды. Жылдар бойғы жүйелі жұмыс пен тындырымды тірліктің нәтижесінде Сарыарқа төсінде шағын шаһар салынды. Ол қалашық алдағы уақытта Дүниежүзілік ұйымдардың қарауына берілмек. Себебі межелі уақыт таяп, мерейлі сәт те келіп жетті. Өз мәресіне жеткен көрме мемлекетіміздің мығымдығын, ұлтымыздың ұлылығын әлемге танытты.
Иә, әлемге аты мәшһүр алпауыт жобаны да абыроймен аяқтадық. Осыдан тура үш ай бұрын бүкіләлемдік қауымдастық басшылары мен ел президенттері алдында шымылдығы түрілген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылуы да сән-салтанатымен өтті. Жаһан жұртының жаңа инновациядағы соны идеялары тоғысқан, ғылыми-техникалық жетістіктері мен даму сатысы сараланған көрмеде тек мемлекеттердің техникалық әлеуеті ғана емес, төл мәдениеті мен тарихы, тұтас рухани болмыс-бітімі таразыланды. Нәтижесінде ел күткен үдеден де биік мүддеге қол жеткіздік.
«ЭКСПО» бізге не берді? Екі ғасыр бұрын әлқиссасы әлемге паш етілген алғашқы көрме Англияның астанасы Ұлыбританиядан бастау алды. Бертін келе АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сынды дамыған мемлекеттердің басқаруымен әр бес жыл сайын жүйелі түрде өткізіліп тұрды. Кезекті көрме өткізу құқығын осыдан бес жыл тұрын жеңіп алған Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап, баламалы энергия көздерін табу, жасыл энергетиканы жолға қою бастамасын көтерді. Біз таңдаған тақырыпты 161 мемлекет өкілдерінің арасынан 103 ел қолдап, жоғары басымдықпен көрме өткізу құқығын еншілеген едік. Ал сол жеңістің арқасында ТМД және Таяу Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет бізде өткізілді. Сонымен, Қазақстан айтулы шараны өткізген алпауыт 35 мемлекеттің тізіміне енді. Тіпті, аз уақытта а ң жетістіктерін әлемге паш ететін ең басты алаңға айналды. Небәрі үш айға созылған ауқымды шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысып, таңдалған тақырып аясында жаңа технологиялары мен жетістіктерін айқындайтын 140 экпозициясын таныстырды. Оның 102-сі энергия үнемдеу технологияларын қолдану болса, 31-і жаңа инновациялық технологиялар мен өнертабыстарды қамтыды. Осы уақыт аралығында қатысушы мемлекеттер – ұлттық, халықаралық ұйымдар – мамандандырылған күндерін, шетел басшылары 105 ресми шара ұйымдастырды. Көрме аясында 8,5 мың ерікті іріктеліп алынып, 5,5 мыңы қалашық аумағында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Уақыт шеңбері тар болса да, шараға шартараптан 4 миллионға жуық қонақтар мен туристер келді. Олардың арасында беделді саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, «Нобель» сыйлығының лауреаттары, инвесторлар мен бизнес қауымдастығының өкілдері де бар.
Объяснение:
Екі сұраққа бір жауап
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан- кішкентайынан оқуға деген құлшынысымен,әкесі арқылы тоғыз жасында Қарқаралыда молдадан сауат ашады.Өзінің алғырлығымен,қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шығады.1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.