1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді
өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.
99999
Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын
керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын
неміс географы Фердинанд фон Рихтофен қолданысқа енгізген екен.
«Ұлы Жібек жолы» адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі.
Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата
себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның
Батыс пен Шығыстың арасын
жалғастырған көпір жолы болған.
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол
Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары Түркістан, Қашғар, Жетісу,
Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-
жарақтар. киім-кешек, шабдалы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін
тасымалданған.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін
конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты Қазақстан мен Қытай
арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.
1) Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз:
2) өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беріңіз.
-Жібек жолы деп кім атаған?
-Жібек жолы қай жерден басталады?
-Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?
-Сауда үшін керуен арқылы нелер тасымалданған?
ЭТО СОР
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Байұлы тайпасы Беріш руының Қаратоқай бөлімінен шыққан[1]

Мұрат Мөңкеұлының мазары
Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.
Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омаров, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған
Менің Отаным Қазақстан — бұл тәуелсіз, егемен ел. Біздің елімізде өте көп шалқар көлдер, өзендер, асқар таулар бар. Қазақтың махаббаты күннің нұры, айдың аппақ сәулесі сияқты. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Онда Ақ орда орналасқан және тағы басқа мәдени ескерткіштер орналасқан. Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 1991 жылы сайланды. Сол уақыттан біздің ел өте жоғары орындар алып келеді. Қазақстан өте жоғары көрсеткіштер көрсетеді. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін!