В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
magauovaalem1
magauovaalem1
07.04.2022 17:51 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Оқылым
Мәтінді мұқият оқып,сұрақтарға жауап беріңіз
Ас-адамның арқауы
Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады. Тамақ арқылы ағза
қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен,
дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе
таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі
болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада,
нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп болады. Адамға тәулік
сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
N® Cұрақ
Жауап
1 Тамақтану арқылы адам өз ағзасын немен
қамтамасыз етеді?
2
Қандай тамақтар таза ақуыздан тұрады?
3
Көмірсутек қандай тамақтардың құрамында көп
кездеседі?
Адамға тәулік сайын қанша ақуыз, май, көмірсутек
қажет?
4​

Показать ответ
Ответ:
anna7251
anna7251
29.04.2020 10:59
Осы жазда тамаша болды! Мен оның сүйікті саяжай құрылыстарының оны жұмсалған! Мен анамды көмектеседі, бірақ әлі күнге дейін демалыс көп жасады ғана емес. Мен өзенінің шомылатын, және біз атасы бар бір рет балық аулауға өтіңіз. Онда мен үлкен тұқы ұстады. Бұл өте дәмді болды! Мен сондай-ақ мен осы жұмысты ұнайды, көбелектерді аулау. Кейде балмұздақ үшін ауылға әкеме бірге жүрді. Бұл күшті болды! Мен үшін, осы жазда potresayuschim болды, бірақ мектепте Мен қабылданбаған! Мен оған қайту үшін қуаныштымын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
ololoololoev1
ololoololoev1
07.01.2022 15:23

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозшылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:

– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ–Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.

Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. … Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таңғалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп–Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота