В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
oleg059
oleg059
11.11.2021 00:52 •  Қазақ тiлi

1. Тек дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, ж, ң. D) а, ү, е.
В) а, б, л. Е) қ, т, с.
С) р, м, н.

2. Ашық буынды сөзді табыңыз.
А) Күз. D) Ант.
В) Тақпақ. Е) Торы.
С) Оқ.

3. Қосымша дұрыс жалғанған қатарды көрсетіңіз.
А) Домбырагер.
В) Күйшы.
С) Қобызші.
D) Сауынші.
Е) Биші.

4. Түбір сөзді табыңыз.
А) Таңертеңгі. С) Шеткі. Е) Күндізгі.
В) Күз. D) Кешегі.

5. Сөйлемдегі күрделі баяндауышты табыңыз.
А) Далада қар жауды.
В) Ол барлық сыныпты тазалады.
С) Нұрлан мектепте оқиды.
D) Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.
Е) Ертең жаңбыр жауады.

6. Толымсыз сөйлемді табыңыз.
А) Мен аға-інілеріммен саяжайға барамын. В) Үйде отырамын.
С) Мен дүйсенбіде шахмат үйірмесіне барамын. D) Мен мектепке келемін.
Е) Мен спорт клубына барамын.

7. Құрамы екі немесе одан да көп жай сөйлемнен тұратын сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Лепті. D) Хабарлы.
В) Жай. Е) Сұраулы.
С) Құрмалас.

8. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.
А) Автор сөзі, - төл сөз. В) Автор сөзі: Төл сөз. С) автор сөзі, Төл сөз.
D) Автор сөзі – Төл сөз. Е) Автор сөзі: «Төл сөз».

9. Күн салқындап, жапырақтар жерге түсетін жыл мезгілін анықтаңыз.
А) Жазғытұрым. D) Күз.
В) Қыс. Е) Жаз.
С) Көктем.

10. Әкеңіздің әкесі сізге кім болатынын белгілеңіз.
А) Қайын ата. С) Көке.
В) Ата. D) Ағатай. Е) Аға.

11. Лексика нені зерттейтінін белгілеңіз.
А) Сөз құрамын. В) Тіл дыбыстарын. С) Сөз тіркесін.
D) Сөз мағынасын. Е) Сөйлем мүшелерін.

12. Мақалдардан антонимдерді табыңыз.
А) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
В) Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.
С) Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
D) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Е) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

13. Бірыңғай жуан буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Дала, ақыл, аспан.
В) Жол, ай, көктем.
С) Кісі, а
D) Көп, гүл, үй.
Е) күн, ағаш, қала.

14. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
А) Бал, жүз, топ. В) Қыз, ата, қар. С) Сүт, шұжық, май.
D) Мың, нан, мал. Е) Жүн, қой, ет.

15. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
А) Жұмыста. D) Жұмыс.
В) Жұмысқа. Е) Жұмысын.
С) Жұмысшы.

16. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.
А) Жүрегің. D) Көзге
В) Аяққа. Е) Құлақтан.
С) Мұрынды. .

17. Сын есім жасайтын жұрнақтарды анықтаңыз.
А) –шы, -ші, -лық, -лік, -дық, -дік. В) –ған, -ген, -қан, -кен, -мақ, -мек.
С) –ншы, -нші, -ау, -еу, -дай, -дей. D) –лы, -лі, -сыз, -сіз, -дай, -дей.
Е) –да, -де, -та, -те, -лас, -лес.

18. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А) Нешеге жуық? D) Нешінші?
В) Неше? Е) Нешеден?
С) Нешеу?

19. Тиісті есімдікті қойыңыз.
... үйі таудың етегіне жақын екен.
А) Оның. D) Сенің.
В) Менің. Е) Біздің.
С) Сіздің.

20. Есімшенің жұрнағын табыңыз.
А) Келіп. D) Келетін.
В) Келгелі. Е) Келді.
С) Келтір.

21. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Жылқышы. D) Көжек
В) Қонжық. Е) Табиғат.
С) Біраз.

22. Табыс септік жалғауын табыңыз.
А) –лар, -лер. В) –менен, -бенен. С) –мын, -сың, -сыз.
D) –ны, -ні, -н. Е) –ң, -ың, -ің.

23. Сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Ащы, тәтті.
В) Ақ сары.
С) Қып-қызыл.
D) Сары жапырақ.
Е) Ол бақытты.

24. Сұрау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Теріден етік тіге ме? В) Жүннен киіз жасай ма? С) Судан ше?
D) Еттен қандай тамақтар әзірлейді? Е) Сүттен айран әзірлей ме?

25. Пысықтауыш қай сөз табынан жасалғанын табыңыз.
Кеше үлкен жиын болды.
А) Үстеуден. В) Етістіктен. С) Зат есімнен.
D) Еліктеуіш сөздерден. Е) Сын есімнен.

Показать ответ
Ответ:
annett3453
annett3453
22.07.2021 21:37

Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік

0,0(0 оценок)
Ответ:
slaapwandelaar
slaapwandelaar
03.10.2021 09:29

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота