11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар. 1. Су тапшылығы неге әсер етеді? 2. Су ресурстарының қанша пайызы көрші мемлекеттерден келеді? 3. Қазақстанда неше өзен бассейні бар? Олар қандай? 4. Бассейндердің нешеуі — трансшекаралық өзен? 5. Ауылшаруашылық қажетіне қанша су пайдаланылады? 6. Қазақстан жеріндегі су ресурстары қалай бөлінбеген? 7. Әсіресе қай аймақтарда су тапшы? 8. Қазақстанда неше өзен бар? 9. Ең ұзын өзен қайсысы?
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Флюгер (голл. vleugel - қанат) - желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап. Желдің бағытын Флюгердің вертикаль осіне желдің әсерінен еркін қозғалып тұратындай етіп орнатылған флюгарка көрсетеді. Флюгарканың қарсы салмақтық ұшы әр уақытта желге қарсы орнатылады және бағыты өзінен төменірек орнатылған румбалар өрнегі арқылы анықталады. Флюгердің жоғарғы бөлігінде желдің жылдамдығын көрсететін арнаулы шкала бойымен вертикаль бағытта, желдің жылдамдығына сай еркін қозғалып тұратын металл тақта орнатылған. Флюгер ашық жерге, 8-10 м биіктікке орнатылады.