Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз.
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!