В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Pandorica
Pandorica
25.07.2020 14:35 •  Қазақ тiлi

2 – тапсырма. 48 бет. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Саз әлемі» байқауы туралы досыңмен диалог жаз. Тірек сөздер: байқау, қазақ әншілері, қатысты, кеше, жеңімпаз анықталды, байқау әділ өтті.

Мысалы:

Сәлем, Жан.
Сәлем, Әсет!
Сен кеше «Саз әлемі» байқауын теледидардан қарадың ба?
Жоқ, кеше қонақта болып, қарай алмадым. Сен ше?
Мен қарадым.
Кеше қандай қызық болды?

Показать ответ
Ответ:
NarkoBaronTif
NarkoBaronTif
03.06.2020 18:56
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
medvedevastasy
medvedevastasy
10.07.2021 15:54
Менің Президентім 

Туған елім, кең байтақ дархан далам – менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада дүние есігін аштым. Осы жерде алғаш қадам бастым, мектепке бардым. Менің қасиетті Отаным – қазақтың киелі жері! 
Сол киелі жерде қаншама талантты да зиялы, ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді! Сондай адамдардың бірегейі деп мен Нұрсұлтан атам Әбішұлы Назарбаевты айтар едім. Бұл а қшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі. Елімнің алға қойған мақсатты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Биыл алғаш рет бірінші желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Мемлекетіміздің әр азаматты болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. 
Нұрсұлтан атамыз балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі Астанада және басқа да қалаларда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің ашылуы,ал біздің сүйікті қаламызда таяу уақытта ашылады. Менің арманым сол мектептің үмітін ақтайтың үлгілі оқушысы атану. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Менің Президентім аман болып,ұзақ өмір сүруіне тілектеспін. Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз! 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота