В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Cracolla1
Cracolla1
28.11.2021 09:44 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма.Өлеңнің мазмұны мен идеясын тауып,берілген сұрақтарға жауап жазыңдар

Показать ответ
Ответ:
viktoriapleva
viktoriapleva
06.08.2022 12:35
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпеліліктайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игере отырып, климатерекшеліктерін ұтымды қолданады. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді — жайлау, ал оңтүстік және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланды. “Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог Арнольд Джозеф Тойнби — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады”. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жақты жетілген адамдар қалыптасты. Дала көшпелілерінің ақынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің арқасы еді. 19 — 20-ғасырларда, әсіресе еуропалық зерттеушілер арасында көшпелі халықтардың рухани өмірі мен дүниетанымы жүйесіз деп танылып, олардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан рөлі төмендетіліп, оған қатысты жабайылық, тағылық секілді орынсыз пайымдаулар айтылды. Алайда, ғылыми негізделген дәйектер көшпеліліктің отырықшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігін дәлелдеп отыр.☆☆☆☆Қиын болмас ,маған тіркелініз.Көмекке дайынмын☆☆☆☆
0,0(0 оценок)
Ответ:
вероника03
вероника03
25.03.2021 04:08
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - а берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота