2-тапсырма Қорықтарға қатысты ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Текст
Қазақ жерінде он қорық бар. Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы қорықтарының бірі – Ақсу Жабағылы қорығы бар. Ақсу Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де, гүлдер де қорғалады. Ақсу Жабағылының эмблемасы өте сирек кездесетін Грейг жауқазыны. Қорықтың мақтанышы - алма ағаштар өскен тоғайлар.
Алматы қорығы Іле Алатауының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Мұнда Сібірдің тау текесін, маралды, елікті, сілеусінді, барысты және ақ тырнақ аюды кездестіруге болады.
Солтүстік далалық аймақта Қорғалжын қорығы орналасқан. Мұндағы өзендер, көлдер мен батпақтар сан түрлі құс ұя салып, түнеп жүретін орын ретінде қызмет етуде. Қорықтың ең экзотикалық тұрғыны - қызғылт қоқиқаз. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы күллі дүниеге өзінің ғаламат қарағайлы ормандарымен атағы шыққан.
Үстірт жонындағы шөл қорығы өте сирек арқардың (Үстірт муфлоны) бір түр тармағын, сондай-ақ сусар тұқымдас және құмды дала өсімдіктерін қорғау үшін арнайы құрылған.
Барсакелмес - Арал теңізінің «Барсакелмес» атты аралына орналасқан жалғыз қорық. Шығыс Қазақстан тауларында Марқакөл қорығы бар. Табиғаты өте көркем. Марқакөл көлінің атымен аталған.
1 C
2 E
3 D
4 B
5 A
Объяснение:
1 C
2 E
3 D
4 B
5 A
Только что сделал.