В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Train2Brain
Train2Brain
03.12.2021 13:37 •  Қазақ тiлi

2- тапсырма. Прочитайте текст, составьте по тексту 3 вопроса. Павлодар облысының орталығы – Павлодар қаласы. Павлодар өлкесі еліміздің экономикасында маңызы зор аймақ. Электр жүйесі, түрлі зауттары көп шоғырланған өлке. Павлодар қаласы көпшілікке Кереку деген атпен де танымал. Бұл облыстың да табиғаты ерекше, әсіресе, « Қоңыр әулие» үнгірі, «Сандықтас», «Найзатас» сияқты жартастарымен саяхатшыларды қазақтырып келеді.
Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Ол Қазақстанның сотүстік-шығысына, Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Облыста 12 аудан – Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертіс, Қашыр, Лебяжье, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандары, 4 қала – Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс қалалары бар. Халқы көп ұлтты. Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының ауыр индустрия және энергетика орталықтырының бірі. Облыста алюминий, трактор, химия, мұнай, ферроқорытпа, кеме, автомобиль жөндеу зауттары, көмір разрезлері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Ертіс, Железинка, Ақтоғай, Қашыр, Успенка аудандары жайқалып мол егін ексе, Баянауыл, Май, Лебяжье, Шарбақты аудандары мыңғыртып мал өсіреді. Ал Ақсу, Павлодар аудандары облыс жұртшылығын көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге аянбай еңбек етеді. Павлодар облысында табиғаты әсем, ауасы, суы, батпағы шипалы Мойылды курорты, Баян таулары, Шалдай қарағайлы орманы, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері бар. Ерке Ертіс өзеніне, Маралды көліне, Баянауыл баурайына арнап Павлодарлық ақын, композиторлар өлең жазып, әндер шығарды. Павлодар облысының топырағында көптеген ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, батырлар дүниеге келді. Олар ақын, әнші, композиторлар Жаяу Мұса, Майра, Естай ақындар С,Торайғыров, С.Дөнентаев, И.Байзаков, Қ.Бехожин, М.Әлімбаев, жазушылар Д.Әбилов, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Сәтбаев ,Ә. Марғұлан бастаған көптеген ғалымдар, артистер Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев. 1918 жылдан бастап «Звезда Прииртышья», 1929 жылдан «Сарыарка самалы», «Қызыл Ту», облыстық газеттері шығып тұрады. Қазақстан көлемінде әлеуметтік, экономикалық дамуы жағынан мәдениет мен білімінің өркендеуі бойынша да, Павлодар облысының алатын орыны ерекше.

Показать ответ
Ответ:
malcolmyang
malcolmyang
15.05.2021 12:59

Павлодар облысы нешінші жылы құрылған?

Облыста неше аудан және неше қала бар?

Павлодар қаласы көпшілікке қандай атпен танымал?

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота