В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
vitalii1962svet
vitalii1962svet
30.10.2020 08:39 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, пікірлесіңдер. 1. Көшпелі тұрмыс қандай қажеттіліктен туындаған?
2. Не себепті жаз жайлау, қыс қыстау деп аталды?
3. Шұбырта көшу дегенді қалай түсіндіңдер?
4. Жұлдызшылардың жорамалы не үшін керек болды?​

Показать ответ
Ответ:
lgolar
lgolar
04.07.2022 16:41

 Сән әлемінде өткен ХХ ғасырдағы киім кию  үлгісін өзіндік эстетикалық, ұлттық және философиялық ерекшеліктеріне қарап,  бірнеше онжылдықтарға бөлу дәстүрі қалыптасқан: 40 жылдары – әскери киім үлгілерінің жаппай белең алуы; 50 жылдары – париждік шиктің гүлдену дәуірі; 60 жылдары  – ағылшындық эксцентрика десек, 70 жылдары  – хиппизм;  80 жылдары – итальяндық тенденциялар басым  болса,  90 жылдары  – жапондық дамыған жоғары технология заманы. Сол кезеңдегі  киім кию үлгісі  сән әлемінде өзіндік стильдер туғызды. Олар мыналар: «ретро», «гранж», «хаус», «байкерлер» мен «рокерлердің» стилінің әсерінен туған «панк» стильдері. «Классикалық үлгідегі»  сәнқойларды сән тілінде «фрик»  деп атайды, ағылшын тілінен аударғанда «ұсқынсыз» деген мағына білдіреді.  Шын мәнісінде, нағыз фрик, панк пен хаустағылар стиліндегідей, өзгеден бөлек киімімен жұртшылық көзіне бірден түсуді өзіне басты мақсат етпейді, мұндағы бар бәле костюмнің ерекше көрінісінде. Костюмнің ұқыпты, ыңғайлы әрі өзгеше болуына ерекше мән беріліп,  әсем көрінісімен хаустық стильді сүйетіндерді басып озады. 

            Бүгінгі күні сән, стиль жайы сөз болғанда,   заманауи  киім кию үлгісінің келбетін жасаушылар: отандық Құралай Нұрқаділова, Берік Ысмайылов тәрізді сәнгерлердің есімдерімен қоса,  жақын шет елдер арасынан, біздің елге анағұрлым жақын, бүгінде  өздерінің сән үйлері бар ресейлік  Вячеслав Зайцев, Валентин Юдашкиннің есімдері ауызға оралады. Олар қазіргі таңдағы сән үлгісін қалыптастыруда өзіндік қолтаңбалары бар алдыңғы қатарлы, көпшілік тарапынан сұраныстағы сәнгерлер.

         Заманауи сән үлгісі ешқандай реттілік, шектеу қоюға келмейді. Әркімнің өзіндік талғамымен, көңілі қалаған затты  ешкімге тәуелсіз түрде таңдап алу құқығы болуымен сипатталады. Тіпті, ешқандай үйлесімсіз дейтін киім кию үлгісі жастар арасында «ерекше сәнді» деген атауға лайық болып барады. Бұл ретте де атақты Коко Шанельдің жекелей талғам көп нәрсе шешеді, ал көпшілік талғам ештеңе шешпейді деген сөздері еске түседі. Бүгінде қисыны келсін, келмесін, көпшілік қауым жиі киетін қысқа шортылар мен гавайлық жейделерді былай қойғанда, үстіңе бағасы анағұрлым арзан футболка мен классикалық үлгідегі пиджак киіп, не болмаса,  джинсымен қымбат ресторандарға барып  ешкімді де таңғалдыра алмайсың.

          «Киімге қарап қарсы алып, ақылыңа қарап шығарып салу» белең алып тұрған мына күнде үлкен буын аға-апайларды қойып, кішкентай бүлдіршіндердің өздері киім-кешекке, оның құнына аса мән береді. Әрине, өзінің  қалауына сүйене отырып, өз стилін қалыптастыру әркімнің өз еркінде.  Дегенмен, кейбір кезде жұртшылық естен шығаратын бір жайт, жас мөлшеріне,  қоғамда міндеттейтін ережелерге сай белгілі бір заңдылықтар болатынын ескеріп, биік моральдық, эстетикалық, ұлттық принциптер, адамгершілік көзқарас тұрғысынан киім таңдаған жөн сияқты. Бұл ретте киім кию үлгісі ұлт идеологиясын қалыптастырушы маңызды фактордың бірі екенін де ұмытпау керек сияқты. Ел арасында бұрынырақта, «советский» деген заттар сапалы саналса, бүгінде халық  «қытайлық» дегеннен гөрі,  «түріктікі» дегенге елең етеді. «Көк етікті алмай жүр, көне етіктіге бармай жүр» дегендей, бойжеткендер анағұрлым жұпыны, қарапайымдау киінген ер- азаматтарға қарап мұрнын шүйірсе, өз кезегінде, ер- азаматтар сәнқой қыздардың мінезін бір бөлек, қарапайым киінген қыздардың мінездерін бір бөлек көретін тәрізді.  

            Психолог Айнұр Қасымованың айтуынша, өзіміз ғұмыр кешетін қоғамдағы барлығы күнделікті көретін белгілі бір  формада, костюмде жүрген жандардың мамандығын  білгеннен бір бөлек, адамдардың киім кию стиліне, көбірек  ұнататын түсіне қарап,  мінез-құлқындағы ерекшеліктерін аңғаруға  болады екен.  Мысалға алғанда,  салмақты мінезділер жасыл түсті, зейінді, ойлау қабілеті дамыған жандар сары, ақ түсті, ашушаңдар көбінде күлгін түсті ұнатса, шығармашылық топтағы жандар  түрлі әшекейлермен әсемделген, көпшілік тәуекел етіп,  таңдай бермейтін түрлі киімдерді ұнатуен қоса, сары , алқызыл түсті  жақсы көреді екен. Флегматиктер мен холериктер қара мен көк түсті көбірек таңдаса, өзіне көпшілік назарын аударуды жаны сүйетін адамдар қызыл түсті жөн көретін көрінеді.

             Қалай дегенмен де,  ертеңгі күні сән әлеміндегі киім кию стилінде қандай өзгерістер болмақ деген сұрақ көпшілікті ойландырғанымен, нақты жауабын ешкім дөп басып айта алмайды. Жылдың төрт мезгіліне сай, «жаздық», «қыстық», «көктемдік», «күздік»  ауысым, алуантүрлілік пен өзгеріске толы,  үнемі құбылу үстіндегі жиынтық үлгі бүгінгі «сән» ұғымымен түсіндіріледі және уақыт талабына сай өзіндік белгілерімен ерекшеленеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
viktoriya229
viktoriya229
17.07.2022 05:26

-Сәлем!

-Сәлем!

-Сен қайда барасың?

-Мен орталық мұражайға

-Маган ол  туралы айтып берші!

-1925 жылы Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929 жылы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясында мұражайымен біріктіріліп, республикадағы іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан казіргі атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйымдар жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залына хронологиялық мөлш. 570 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлік бұйымдар қойылған. Олар казірғі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. Мұражайдың археология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар - ежелгі обалар мен көмбелер табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстететикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939 жылы Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле Алатауы бөктерінде орналасқанҚарғалы қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған.

-Орталық мұражай туралы ақпарат бергенің үшін рахмет, Сау бол!

-Коріскенше!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота