3-тапсырма. Шығармадан берілген үзіндіні оқыңдар. Ондағы кейіпкердің ойын өз көзқарастарыңмен жалғастырып, себебін
табыңдар.
«— Ал, өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?
– Өмір деген кең, жарық дүниедегі қызық тіршілік емес пе?
Ал сол тіршілікті, сол тұрмысты жасап жүрген өзіміз
ғой. Ендеше өмір деген өзіміз емеспіз бе?
Олай болса өмір сүру неге қиын? Неге өзімізге-өзіміз
жамандық жасаймыз? Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішіп-
жеу, жақсы киінуді айтып отырғамын жоқ. Қазір молшылық
қой. Менің бас қатыратыным: неге адамдар бір-біріне зәбір
көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген
қиын?» (С. Мұратбеков. «Отау үй»).
1. Еңбек ер атандырады.
(Труд героем сделает).
2. Еңбек – ер азығы, жауын – жер азығы.
(Труд человека питает, дождик землю орошает).
3. Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
(Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт).
4. Еңбек патшалықты асырайды
(Труд целые государства кормит).
5. Еңбек шаhар түзетеді, еңбексіздік оны жүдетеді.
(Труд города украшает, лень их в пустыню превращает).
6. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
(Отец богатства – труд, мать богатства – земля).
7. Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы