Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.
МенІң досым Менің ең сүйікті дос -құрбымның аты Светлана.Екеуміздің достығымыз бірінші сыныптан басталды,және екеуміздің үйіміз бір- біріне жақын. Света -ол ақ жарқын адам,мінезі өте салмақты.Сабақты жақсы оқиды,және бос уақытында би үйірмесіне барады.Сабақтаң соң екеуміз бірге үй тапсырмасын орындаймыз,бос уақытымызды да бірге өткіземіз.Киноға барамыз,саябақта серуендейміз,телидарды да бірге қараймыз.Енді жазғы демалысымыз басталады,біз отбасымызбен теңіз жағалауына барамыз.Света құрбым өзінің әжесінің ауылына барады.Мен кұрбымды қатты сағынамын,сондықтан бір бірімізбен агент арқылы хабарласамыз. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.
Мою самую любимую подругу зовут Светлана.Наша дружба началась с первого класса и еще наши дома находятся рядом. Света -очень жизнерадостный человек,у нее спокойный характер.Учится хорошо и в свое свободное время ходит на кружок танцев.После уроков мы вместе выполняем дом задания,и свободное время проводим вместе.Ходим в кино,гуляем в парке,смотрим телевизор.Скоро начнутся летние каникулы мы со своей семьей едем отдыхать на море.А подруга Света едет к своей бабушке в деревню.Я буду скучать по своей подруге,и поэтому мы будем общаться через агент. Дружба- в этой жизни ни с чем не сравнимая ценность. Друга найти легко,а друга беречь очень трудно!
Менің ең сүйікті дос -құрбымның аты Светлана.Екеуміздің достығымыз бірінші сыныптан басталды,және екеуміздің үйіміз бір- біріне жақын.
Света -ол ақ жарқын адам,мінезі өте салмақты.Сабақты жақсы оқиды,және бос уақытында би үйірмесіне барады.Сабақтаң соң екеуміз бірге үй тапсырмасын орындаймыз,бос уақытымызды да бірге өткіземіз.Киноға барамыз,саябақта серуендейміз,телидарды да бірге қараймыз.Енді жазғы демалысымыз басталады,біз отбасымызбен теңіз жағалауына барамыз.Света құрбым өзінің әжесінің ауылына барады.Мен кұрбымды қатты сағынамын,сондықтан бір бірімізбен агент арқылы хабарласамыз.
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.
Мою самую любимую подругу зовут Светлана.Наша дружба началась с первого класса и еще наши дома находятся рядом.
Света -очень жизнерадостный человек,у нее спокойный характер.Учится хорошо и в свое свободное время ходит на кружок танцев.После уроков мы вместе выполняем дом задания,и свободное время проводим вместе.Ходим в кино,гуляем в парке,смотрим телевизор.Скоро начнутся летние каникулы мы со своей семьей едем отдыхать на море.А подруга Света едет к своей бабушке в деревню.Я буду скучать по своей подруге,и поэтому мы будем общаться через агент.
Дружба- в этой жизни ни с чем не сравнимая ценность.
Друга найти легко,а друга беречь очень трудно!