EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді.
7 Мамырға байланысты өлеңдер
1. Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.
Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.
Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.
Орындалсын алға қойған үміттер.
Қазақ жігіті керемет қой расында.
Жауапкершілік бар олардың басында.
Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.
Кереметтей қазақ жігітінің қасында
Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.
Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.
Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.
Асыл олар, аз боп қана таралған.
(Авторы Төлегенов Мәди)
2. Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
(Авторы Тоқтарғазиева Назира)
3. Алға, қазақ жігіттері.
Асыл текті туған,
Алаш кегін қуған.
Ерлері ел үшін,
Белін бекем буған.
Ақ білек күшімен,
Ақ найза ұшымен.
Қорғаған бабамның,
Үлгі алып ісінен.
Алға, алға, алға, қазақ жігіттері,
Сенім артқан, жансын халық үміттері.
Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,
Жаса мәңгі қазағымның жігіттері.
Жігіттер,жігіттер,
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін,жер үшін,
Намысты бермеңдер.
Ардың күші дарып,
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
Шаршы топты жарып
Алға, алға, алға, қазақ жігіттері,
Сенім артқан, жансын халық үміттері.
Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,
Жаса мәңгі қазағымның жігіттері.