7-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жаз. қажетті сөздер: тағдыры, кейіпкері, адамзаттың, қайғысын, ы,
түңілмейді, жиынтық бейнесі, ерлігін, қиындықты,
1. Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен ... баяндайды. 2. Повесте бір отбасының ... суреттеледі. 3. Повестің
негізгі ... - Толғанай. 4. Оның ... мен үш ұлы соғыста қаза табады. 5. Бірақ ол
өмірден ... . 6. Толғанай өзінің қуанышы мен ... Жер-Анаға айтады. 7. Жербарша ... анасы, асырап-сақтаушысы. 8. Толғанай — Ұлы Отан соғысы кезінде қиындық көрген аналардың ... . 9. Жазушы адамдардың қажыр-қайратын, ...
бейнелейд
Мен және менің інім екеуіміз жазғы демалыста ауылға атама бардық.Менің атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, қысылғанда талайы келіп арқа тұтқан беделді жан еді,
Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Ер жетіп, ес білгелі атамның ұлағатты сөздері мен үшін өмірлік азық болды. Азық болғанда көмейден өтіп, тәнге қуат бермейді, көкейіңе қонып, жүректен орын табады. Жастайымнан жадыма ақыл мен білім нәрін құйған кісінің қалжыңы мен тапқырлығы аралас әңгімелері ойыма жиі оралады.Бірде, жанымдағы жақын достарымнан көңілім қалып, атамнан:- «Дос табу оңай ма?» деп, ақыл сұрай бардым.Сонда атам: – Өзің қалай ойлайсың, жауап іздеп көрші?!- деді.- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын,- дедім мен.Ол кісі ойымның бұрыстығын айтты.- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, – деп ақыл айтты
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы! Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.
Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.
Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Малдың басын, шекені қариялар мүжіп, құлағын балаларға кесіп беріп, қалғандары көжені талап ішеді. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.