В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ivanvipmarhade
Ivanvipmarhade
13.01.2022 19:22 •  Қазақ тiлi

Алып мемлекетіміздегі ғасырлар бойы тұрған алпауыт ғимараттар мен ескерткіштері – талай тарихтың куәсі. Әр құрылыс нысаны – уақыттың жемісі, сол кезеңдегі әлеуметтік, саяси, мәдени және техникалық мүмкіндіктердің айқын көрінісі. Олардың қойнауында 1000-даған жылдың сыры жатыр-мыс. Осы орайда, жаңа маусымнан бастап «Kazakh TV» арнасы архитектуралық байлықтарымыз туралы «Сәулет өнері» бағдарламасын ұсынды. «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша, ғимараттардың құпия-сырларына үңілу арқылы бізге жұмбақ болып келген таңғажайып дүниелердің шешімін табуға болады. «Сәулет өнері» жобасының шығармашылық ұжымы отандастарымызды еліміздің сұлу да ғажайып нысандарымен таныстырады. Байтақ еліміз уақыт сынына сыр бермей, сан ғасырды артта қалдырған асыл қазыналарға толы. Мысалы, Ахмет Яссауи кесенесі, Жаркент мешіті, Алматы қаласындағы көптеген ескі кешендер әлі күнге дейін сынын жоймай келеді. Дарқан даламыздың көп жылдық тарихы мен мәдениеті, сәулеткерлік өнерінің бағыт-бағдарын бойына жинақтаған мұндай жәдігерлерді жан-жақты зерттеу маңызды-ақ, сондықтан бағдарламаның көрерменге берері де мол», – дейді.

Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ең ауыр кезеңдер мен қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін көкейтесті мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салған-ды, ал қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бет-бейнесін жасауда.

Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не байланыстырады? Неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы? Уәлихановтардың «Сырымбет» үй-жайы қайда орналасқан? Ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бейнесі – осының бәрі бағдарламаға арқау болады. Тағы, «Сәулет өнері» жобасы Еуропаның архитектуралық стилі мен Азияның эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ, қираған үйінділерден алып қалалар мен шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді.

Қазіргі таңда шығармашылық ұжым Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді-беделді архитекторлары қатысады.

Алматы қаласындағы ескі кешендер

Сәулет өнерінің жаңалықтары

«Сәулет өнері» бағдарламасы

Показать ответ
Ответ:
Jordan2281337
Jordan2281337
04.12.2020 13:35

сонда не шешу керек соны тусынбедим жай гана текст тур гой

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота