В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
qoqo5
qoqo5
31.08.2022 13:48 •  Қазақ тiлi

АН АМәтіндегі ойды төрт құрмалас сөйлемге сыйдырып жазыңдар,


АН АМәтіндегі ойды төрт құрмалас сөйлемге сыйдырып жазыңдар,

Показать ответ
Ответ:
алгебра108
алгебра108
07.05.2022 18:30

Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

0,0(0 оценок)
Ответ:
uchenik91
uchenik91
29.06.2022 12:43

Үстеулері бар мақал  мәтелдер:

1. Еріншектің ертеңі бітпес.

2. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

3. Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

4. Көш жүре түзеледі.

5. Қайтып келер есікті қатты жаппа.

6. Еріншекке бүгіннен ертең оңай.

7. Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.


Үстеулері бар жұмбақтар:

1) Айуан ЕКІ аяқты, асқан батыр,

Басына о батырдың тіккен шатыр.

Шешерсің дана болсаң бұны біліп,

Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,

Бір айла адамзатта болып жатыр. (Бүркіт)


2) БЕС жігіт біреуінен біреуі аласа,

Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.

Бастары бірікпесе кетер әлі,

Ырқына бір-бірінің ұнамаса.

Тастайды тау қпарып, көл қотарып,

Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)


3) БІР итім бар үрмейді,

Ары-бері жүрмейді.

Тамақ берсең жемейді,

Су ішуді білмейді.

Ол тұрғанда еш адам,

Үй ішіне кірмейді. (Құлып)


4. Түнде адассаң егерде, Компасың бар төбеңде. (Ай)


Үстеулері бар жаңылтпаштар:

1. Абжылаңдай арбамасаңшы, абдырамай тал жинасаңшы.


2. Алты алманы алды Алма,

Алды алманы Алдан да.

Алдан, Алма алды алма,

Ал есебін, алданба.


3. Қырық үш қызғыш құсқа

қырық үш қызғыш құсты қосса

қанша қызғыш болады?


4. Үш кісі ішік пішті,

Бес кісі ішік пішті,

Қанша кісі ішік пішті?


5. Сексен сегіз сәбізді

Күнде өгізге жегізді.

Күнде сексен сегіз

Сәбіз жеген өгіз семіз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота